Қордай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін педгогтерге «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгертуде білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» атты облыстық әдістемелік семинар өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 28-29 наурыз күні Қордай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгертуде білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» атты облыстық әдістемелік семинар өтті.
Іс-шара барысында «Оқу сауаттылығы тапсырмаларының құрылымы мен ерекшеліктері» тақырыбының аясында мәтінді оқу және ақпаратты өңдеу дағдыларын күшейту жолдары меңгертілді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда инклюзивті білім берудің алғышарттары» тақырыбы аясында инклюзивті білім беруді дамытудағы нормативтік-құқықтық актілер және педагогикалық-психологиялық қолдау ортасын құру бойынша ұсынымдар айтылды.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тиімді жолдары талқыланды, жас мамандармен жұмыс түрлері, педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкестігі мен білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар таныстырылды.
Сонымен қатар қорытынды аттестаттауға дайындаудағы эссе жазудың тиімді әдіс-тәсілдері мен бағыттары талданды. Жазба жұмыс түрлерінің (эссе, мақала, әңгілмелеу) ерекшеліктері мен ұқсастығы туралы түсінік беру жұмыстарын жүргізді.
Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен облыстық семинарға 246 педагог қамтылды.