ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ
2023 жылдың 15 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бірлескен жоспар аясында «Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма, технология және әдістеме» атты Халықаралық педагогикалық оқулары және «Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауы өтті. Аталған іс-шараға ЖОО-ның ғалым-академиктері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары мен педагогтер, барлығы 250 адам қатысты.
Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетімен ынтымақтастық байланысты іске асыру жолдары туралы, Қазақстанның білім саласындағы эксперттер лигасының президенті Г.Абишева «Қазақстандық білім берудің даму траекториясы», Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің академигі К.Жанпейісова «Жоғары педагогикалық білім берудегі интеграция және интеграциялық процесстер», Ресей федерациясының Шадрин мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Н.Скоробогатова «Ресейдегі болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесін жаңғыртудың қазіргі тенденциялары», «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Дүйсебек «Ұлттық құндылықтар-қоғамның тұрақты дамуының кепілі» тақырыптарында пленарлық мәжіліс жұмысы, шеберлік сыныптар көрсетіліп, тәжірибелерін таратты.