Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Балаларды отбасылық және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында «Ана, әже және мен» атты республикалық байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 3 наурызында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана, әже және мен» атты республикалық байқауы өтті.
Аталған іс-шараға облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған Тараз қаласының №5 «Ақ желкен», №28 бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылған болатын.
Республикалық байқау нәтижесі бойынша №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы «Үздік аналар мектебі» номинациясын №28 бөбекжай-бақшасы «Үздік ұйымдастырылған шара» номиницаиясын иеленді.
Педагогтерді жеңісімен құттықтаймыз!!!

TIMSS халықаралық негізгі зерттеуін тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «TIMSS халықаралық негізгі зерттеуін тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» тақырыбында семинары өткізілді.
Аталған іс-шараға 576 педагог қатысты.
Облыстық семинардың қатысушылары TIMSS халықаралық негізгі зерттеуіне дайындық жұмыстары, мектеп үйлестірушісі мен тест өткізушінің функционалдық міндеттері, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері және ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері (сауалнама сұрақтары), білім алушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалардың ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Республикалық конкурста 6 педагог жеңімпаз атанды

2023 жылдың 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында педагогтердің шығармашылығын және кәсіби өсуін ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсында облыстың 6 педагогі жеңімпаз атанды.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-ииновация» лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қасқарбекова Дарина Батарбекқызы ІІ орынды, Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы директорының орынбасары Рамазанов Сергей Нариманұлы, Тараз қаласы №1 гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Поливцева Елена Николаевна, №45 гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Лаубай Тоғжан Құралбайқызы, №44 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Косумова Гүлжан Серікқалиқызы, Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Черкасова Наталья Евгеньевна ІІІ орындарды иеленді.
Педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз!!!

ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2023 жылдың 10 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы «Qundylyg.kz» біліктілікті арттыру орталығы мен «EduCon» компаниясының өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңеске мектеп басшылары, үздік педагогтер, барлығы 30 адам қатысты.
Кеңес барысында «Qundylyg.kz» біліктілікті арттыру орталығының бас директоры С.Смақов және «EduCon» компаниясының жоба бөлімінің менеджері Е.Есеркепов «Білім беру ұйымының тәрбие процесін жүйелендіру», «Мұғалім мен оқушы арасында ұтымды қарым-қатынас орнату», «Оқушылардың бойына құндылықтарды дәріптеу», «Сабақтардың сапасын арттыру» тақырыптары аясында өз жобаларын қорғады.
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында білім беру жағдайының ерекшеліктері мен назарға алынатын мәселелері бойынша кеңес мүшелері ұсыныстар мен ой-пікірлерін кеңінен талқылады.

«Үздік жыл психологы» атты облыстық байқауы өтті

🔰Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылғы 19 қаңтардағы №22/15-11-07 хатына сәйкес білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, өзінің кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік жыл психологы» атты облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың республикалық ережесіне сәйкес қатысушылар еңбек өтілі жағынан 3 жыл, 5-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 3 категория бойынша іріктелді. Байқауға 21 педагог-психологтың жұмысы қабылданды.
​Байқау соңында шығармашылық ізденістерімен танылған педагог-психологтар анықталды. І орынды Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің педагог-психологі Батанова Динара, ІІ орынды Шу ауданы, О.Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Сейдехали Жанерке, Жамбыл ауданы, №1 орта мектебінің педагог-психологі Қарақожаева Жаухар, Меркі ауданы, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Алпысбаева Бағдат, ІІІ орынды Жуалы ауданы, №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Чукенова Бақыткүл, Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Момынова Алуа және Мойынқұм ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің педагог-психологі Имамбердиева Жулдыз иеленді.