Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік десант өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 22 мамыр күні «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында Тараз қаласының география пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік десант өтті.
Облыстық іс-шара барысында география пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру, құзіреттілігін арттыру, сапалы білім беруде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, білім берудегі нормативтік-құқықтық актілері мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған әдістемелік кеңестер берілді. Білімдерін сыни ойлау арқылы өмірде қолдану арқылы білім сапасын арттыруда әдіс-тәсілдердің түрлері мен ерекшеліктерінің тиімді жолдары көрсетіліп, жаратылыстану бағыттары бойынша ақпараттық – әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 47 педагог қатысты.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қ.Қайсеновтің 105 жылдығына орай «Жау тылындағы бала» әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19 мамыр күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қ.Қайсеновтің 105 жылдығына орай «Жау тылындағы бала» әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Оқырмандар конференциясының мақсаты - оқушыларды қаһарман жазушы Қасым Қайсеновтің 105 жылдық мерейтойына орай өмірбаяны мен шығармаларымен таныстыру. Өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушылар Қ.Қайсеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен еске алып, берілген сұрақтарға жауап берді.
Ісшара барысында зейінді де зерек, әдебиет сүйер жас оқырмандар мен олардың жетекшілері «Жау тылындағы бала» әңгімесі желісі бойынша оқырмандар конференциясында белсенділік танытып, ерекшеленгені үшін облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің алғыс хаттарымен, сертификаттармен марапатталды.
Оқырмандар конференциясына 11 ауданнан 21 оқушы қатысты.

«Сабақ Time» жобасы аясында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін тиімді оқыту әдістерін тәжірибеде қолдану жолдары» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклі өтті

2023 жылы 12 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен математика пәнін оқытуда педагогтердің тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 7-10 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқытуда заманауи әдістемелер мен педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың математикалық сауаттылығын және білім берудің сапасын арттыруда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдары талқыланды. Педагогтер 7-сыныпта алгебра пәнінен «Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру», 10-сыныпта алгебра және анализ бастамалары пәнінен «Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларына есептер шығару», 10-сыныпта геометрия пәнінен «Прямоугольная система координат и векторы в пространстве» тақырыптарында ашық сабақтар үлгілерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстың ашық сабақтарға 35 педагог, 52 оқушы қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтерге кәсіби қолдау көрсету, оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу үдерісінің тиімділігі бойынша іс-тәжірибелермен бөлісу, әдістемелік көмек ұсыну мақсатында 2023 жылдың 19 мамырында Қордай ауданы, Балжан Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің базасында «Мектеп тәжірибесіндегі LS: зерттеу, талдау, нәтиже» атты облыстық тәжірибелік семинары өтті.
Тәжірибелік семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың оқу ісі және ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 70 адам қатысты.
Іс-шара барысында мектеп басшылары білім мекемесінің тәжірибесіндегі LS зерттеудің нәтижесі, негізгі пәндердің оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу АR үдерісінің тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, мектепті басқарудың нәтижеге бағытталған тиімді жолдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар мектептің оқу-тәрбие жұмысының құрылымымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

«ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ-2023» ЖЕТЕКШІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ІV ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы бірлесіп, 2023 жылдың 12 мамырында жоғары кәсіби педагогикалық қоғамдастығын құру арқылы жетекші мектептер педагогтерінің, оның ішінде жас педагогтардың жұмыс тәжірибесімен алмасу және өзара әрекеттесу алаңын құру мақсатында «Жаңару жаршысы-2023» атты жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумын өткізді.
Форумға Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының жетекші мектептерінің педагогтері, облыстық, аудандық оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент қаласындағы филиалының қызметкерлері, барлығы 300 білім қызметкері қатысты.
Өңірдегі жетекші мектептердің өзара тәжірибе алмасуы мақсатында «Жетекші мектептердің кәсіби қоғамдастықтарының табысты тәжірибесі» атты көрме ұйымдастырылды.
Өңіраралық форумның жұмысы «Жетекші мектеп: табыстылық траекториясы» тақырыбындағы пленарлық бөлімінде ашық мінбеде педагогтер жаңашыл идеяларымен бөлісіп, түрлі өңірден келген педагогтердің іс-тәжірибе алмасуына бағытталған территориялық отырыстармен жалғасты.
Сондай-ақ форум аясында «Өзгерістерді басқару: механизмдер, құралдар, ресурстар» тақырыбында жетекші мектеп басшыларымен нетворкинг жұмысы және «Педагогикалық қоғамдастық: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында питч-сессия ұйымдастырылды.
«Жаңару жаршысы-2023» жетекші мектептердің ІV өңіраралық форумының жұмысы қатысушылардың «Форум барометрі» кері байланысымен қорытындыланды.