TIMSS халықаралық негізгі зерттеуін тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «TIMSS халықаралық негізгі зерттеуін тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» тақырыбында семинары өткізілді.
Аталған іс-шараға 576 педагог қатысты.
Облыстық семинардың қатысушылары TIMSS халықаралық негізгі зерттеуіне дайындық жұмыстары, мектеп үйлестірушісі мен тест өткізушінің функционалдық міндеттері, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері және ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері (сауалнама сұрақтары), білім алушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалардың ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.