Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Бастауыш білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «Бастауыш білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 508 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу барысында жүргізілетін жұмыс түрлері, өткізілу тәсілі мен ұзақтығы, тестілеу бағыттары, тапсырмалар сипаттамасы мен қиындық деңгейлері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың түрлері бойынша тәжірибе алмасты.

«Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез–құлықтың себептері және
алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық семинар- тренинг өтті

2023 жылдың 15 наурыз күні педагог-психологтарға арналған «Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез–құлықтың себептері және
алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық семинар - тренинг өткізілді, барлығы 118 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Профилактика суицидального поведения детей и подростков», «Мен өміріме, қажеттілігіме жауаптымын», «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жолдары», «Жасөспірімдердің өмірге құштарлығын арттыру жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар мектептегі психологиялық қызмет жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмектер алды.

«Мектептегі информатика курсындағы робототехника» тақырыбында онлайн-семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14 наурызы күні информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Мектептегі информатика курсындағы робототехника» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Информатиканы оқытуда робототехника бойынша оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру және бағалау дың әдістемелік дағдыларын жетілдіру, тиімді әдістерді тарату, тәжірибе бөлісу мақсатында өткен іс-шараға барлығы 47 педагог қатысты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

2023 жылдың 15 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бірлескен жоспар аясында «Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма, технология және әдістеме» атты Халықаралық педагогикалық оқулары және «Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауы өтті. Аталған іс-шараға ЖОО-ның ғалым-академиктері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары мен педагогтер, барлығы 250 адам қатысты.
Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетімен ынтымақтастық байланысты іске асыру жолдары туралы, Қазақстанның білім саласындағы эксперттер лигасының президенті Г.Абишева «Қазақстандық білім берудің даму траекториясы», Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің академигі К.Жанпейісова «Жоғары педагогикалық білім берудегі интеграция және интеграциялық процесстер», Ресей федерациясының Шадрин мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Н.Скоробогатова «Ресейдегі болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесін жаңғыртудың қазіргі тенденциялары», «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Дүйсебек «Ұлттық құндылықтар-қоғамның тұрақты дамуының кепілі» тақырыптарында пленарлық мәжіліс жұмысы, шеберлік сыныптар көрсетіліп, тәжірибелерін таратты.

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ АЙЛЫҒЫ ӨТУДЕ

2023 жылдың 1 наурызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының бірлескен жылдық жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру» айлығы өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін іс-шараға 4075 оқушылар мен 2700 ата-аналар, барлығы 6775 адам қатысты.
«Менің болашақ мамандығым», «Мен және менің болашақ кәсібім», «Менің таңдауым – менің болашағым», «Жаңа ғасырға лайық педагог маман даярлаудың тиімді жолдары», «Мамандықты дұрыс таңдау - баланың бақытты болу кепілі», «Мамандықтың бәрі жақсы!», «Жаңа заманауи кәсіп түрлері», «Менің ата-анамның жұмыс орны», «Мамандықтың бәрі жақсы!», «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» , «Менің таңдауым – менің болашағым», «Мамандық таңдау – маңызды!» тақырыптарында түрлі кәсіп иелерімен кездесу, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, дискуссиялық алаң, Ата-аналарының жұмыс орнына онлайн саяхат, видеопрезентациялар шеруі, онлайн, офлайн форматтарында ашық есік күндері өткізілуде.