БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Тарих пәнінен оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2022 жылдың 6 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының тарих пәні мұғалімдеріне пән бойынша оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері, контекстік тапсырмалар мен олардың түрлері, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтті.
Іс-шараға барлығы 127 педагог қатысты.

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану» тақырыбында вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 7 қазан күні информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 87 педагог қатысты.
Іс-шара барысында оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында сандық білім беру платформасының ерекшеліктері, кері байланыс жасауда сандық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары көрсетіліп, тәжірибе бөлісті.

                              Облыстық оқыту вебинары өтті

2022 жылдың 30 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектептерге арналған тестілеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың мазмұнын жетілдіру, зерттеу тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдарын анықтау, пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру арқылы олардың құзіреттілігін дамыта отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуінің ерекшеліктері: мазмұны мен өзектілігі» тақырыбында облыстық оқыту вебинары өтті.
Іс-шара барысында 2022 жылдың қазан-қараша айларында өтетін «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуіне облыс бойынша 70 білім мекемесі қатысатындығы айтылды. Сонымен қатар, семинар барысында зерттеудің өзектілігі, құрылымы, ерекшеліктері, мазмұны және жүргізу форматы мен тапсырмалар мазмұны туралы толық мағлұматтар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық оқыту вебинарына Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдерінің негізгі зерттеуге жауапты тұлғалары мен физика, математика пәндері әдіскерлері, іріктеліп алынған білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп үйлестірушілері, барлығы 180 педагог қатысты.

Ұлттық құндылықтарды жаңғырту және рухани тәрбие» тақырыбында облыстық семинар 

2022 жылдың 6 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Ұлттық құндылықтарды жаңғырту және рухани тәрбие» тақырыбында облыстық семинар (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей - интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Курманбаеваның «Бала бойында ұлттық және рухани құндылықтарды қалыптастыру құзыреттілігі», педагог-ұйымдастырушы А.Ибраймованың «Ұлттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын сыныптан тыс жұмыс үйірме барысы», тәрбиеші С.Айтуған «Бала – ертеңгі кемелді келешек» оқушының жеке тұлғалық дамуында тәрбиеші қызметінің рөлі» тақырыптарында озық іс-тәжірибелерімен ой бөлісті және қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.

                                        Облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2022 жылдың 4 қазан күні «Бастауыш білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өткізді.
Аталған іс-шараға Т.Рысқұлов ауданы мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері және бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 319 педагог қатысты.
Облыстық вебинар қатысушылары ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес 2-қосымша «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», бастауыш білім беру бағдарламаларының құрылымы мен басымдықтары, пәндер бойынша БЖБ, ТЖБ жүргізу тәртібі, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастыру барысында басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру, 1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» мен «Жолда жүру ережелері» курстарын іске асыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.