БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

                Физика пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті
2022 жылдың 15 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесе отырып, физика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық олимпиада өткізді.
Педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру, озық тәжірибені анықтау мақсатында өткізілген облыстық физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің білім мекемелері мен облысқа қарасты білім мекемелерінен 48 мұғалім қатысты.
Жалпы олимпиадалық есептерден жоғары, орта, төмен деңгейдегі 6 тапсырма берілді. Тапсырмаларда «Кинематика», «Динамика», «Термодинамика», «Оптика», «Электродинамика» бөлімдерінен стандартты, логикалық және физикалық заңдар мен эксперименттің сандық, сапалық мағыналарын нақтылайтын, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындау арқылы шығаратын есептер қамтылды.

                  ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2022 жылдың 14 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесіп, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында «Кәсіби бағдар беруші педагог лауазымының атқаратын қызметі» атты облыстық оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты әдіскерлер, мектеп директорларының орынбасарлары, кәсіптік бағдар беру педагогі қызметкерлері, барлығы 95 адам қатысты.
Облыстық оқыту семинары барысында қатысушылар кәсіптік бағдар жұмысына жауапты кадрлар әлеуетін арттыру, заманауи кәсіптік бағдар беру педагогінің жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар беру педагогінің мектеп педагогімен ерекшелігі, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына грантқа түсудің айырмашылығы, білім алушыларға кәсіби бағдар беруді және мамандық таңдауға бағдарлау, нәтижені талдау жұмыстарын сапалы жүргізу және сыныптан тыс іс-шараларда оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру бойынша пікір алмасып, білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын сапалы жүзеге асыру бойынша ақпараттық-әдістемелік, тәжірибелік көмектер берілді.

                         Облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен 2022 жылдың 11 қарашасында облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауы өткізілді.
Байқауға Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының, облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының мектеп директорлары, барлығы 13 мектеп басшысы қатысты.
Байқауға облыс бойынша 57 мектеп басшысы қатысты, оның 13-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық ІІ кезеңге қатысқан білім беру ұйымдарының басшылары қызметінің нәтижелігі мен парасаттылығын адами құндылықтарды насихаттау жұмыстары, парасатты көшбасшылық қатынастарды қалыптастыру және нығайту бағытындағы жұмыстары сарапқа салынды.
Облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауының ІІ кезеңінің жеңімпаздары «Адалдық алаңы» ҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының арнайы дипломдарымен, номинациялармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Нәтижесінде:
1. Жамбыл ауданы, Айша бибі атындағы орта мектебінің директоры Б.Р.Шертаева – Бас жүлде;
2. Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының директоры А.Азимбай – І орын;
3. Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің директоры И.А.Спаналиева; облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының директоры Е.С.Жаксылыкова – ІІ орын;
4. Меркі ауданы, №16 орта мектебінің директоры Г.А.Муратова; Қордай ауданы, М.Жұмабаев атындағы №20 орта мектебінің директоры Н.М.Нуралиева; Шу ауданы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры А.Т.Естаева – ІІІ орын;
5. «Қамқор басшы» номинациясы – Т.Рысқұлов ауданы,Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры Е.Т.Кайпулдаев; «Жаңашыл басшы» номинациясы – Жуалы ауданы, Т.Тастандиев атындағы №11 орта мектебінің директоры Г.М.Жорабекова; «Шығармашыл басшы» номинациясы – Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директоры К.Д.Сарсекова; «Талапты басшы» номинациясы – Мойынқұм ауданы, №1 орта мектебінің директоры Н.М.Пернебаев; Байзақ ауданы, №6 орта мектебінің директоры К.С.Укибаева.

            Өңірдің эксперименталдық алаңдарында тағайындаушы семинарлар өтті

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5 бабының 44-1) тармақшасына, «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 7 бабының 5,6,8 тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңының 6 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету жүзеге асыру мақсатында облыстық білім басқармасының эксперттік топтың 17.08.2022 жылғы №1 шешіміне және білім беру ұйымдарының сұраныстарына сәйкес облыстың 12 білім беру мекемелерінде педагогикалық эксперименттік зерттеу жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айынан басталды.
Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу жұмыстары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №139 «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес іске асырылады.
Педагогикалық эксперименттерге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің ғалымдары жетекшілік жасауда.
Қыркүйек-қазан айларында эксперименттік жұмыстардың тұжырымдамалары мен бағдарламалары даярланды. Ағымдағы жылдың 3-11 қараша күндері 12 эксперименталдық алаңдарында ғылыми жетекшілермен тағайындаушы семинарлар ұйымдастырылып, эксперименттердің тұжырымдамалары мен бағдарламалары талқылаудан өтті. Аталған семинарларға 1422 педагогтер қатысты.

2022 жылдың 3 қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары мен әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберлік сынып (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Жуалы ауданы, №29 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мориеваның «Мектеппен отбасы ынтымақтастығын құндылықтар арқылы нығайту», №2 Мынбұлақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Муратаеваның «Тұлға қалыптастыруда мектеп құндылықтары негізінде тәрбие процесін іске асыру жолдары», №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қырғызбаеваның «Жас ұрпақты құндылықтар арқылы тәрбиелеу» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетіліп және озық іс-тәжірибелерімен ой бөлісті, қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.