БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТАМЫЗ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылдың  18 тамызында   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен                        «Білім беру сапасын арттыру бағытындағы негізгі басымдықтар арқылы оқу-тәрбие процесін дамыту» тақырыбында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған  облыстық  секциялық отырыс өтті.

Секциялық отырысқа  Абай атындағы  ҚазҰПУ-нің біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының директоры Семченко Александр Александрович,  М.Х. Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының  меңгерушісі, педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор Бузаубакова Клара Джайдарбекқызы, Ұлттық Ustaz-онлайн академиясының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Курганбаева Гульмира Аманжолқызы,  Тараз қаласындағы  НЗМ  «ДББҰ» педагогикалық  шеберлік орталығының директоры Нарегеева Агура Маарбанқызы және аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, директорлардың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы 300 адам қатысты.

            Тамыз кеңесінің секциялық отырысының барысында  оқу-тәрбие процесін  ұйымдастырудың  2021-2022  оқу жылындағы  ерекшеліктері туралы, қызметкерлерді  басқару жүйесін жетілдіру,  жоғары оқу орындары мен мектеп арасында сапалы  ынтымақтастық  жүйесін құру,   бүгінгі күннің өзекті мәселесі - әріптестік ынтымақтастық, коллабарация, қазақстандық мектептің жаңа моделі, Z Ұрпағы, білім беру жүйесінің жаңа талаптары, жаңа оқу жылының негізгі басымдықтары мен даму жолдары,  білім сапасын арттыру бағытындағы  перспективті жобалары туалымәселелер айтылып,                 іс-тәжірибелер таратылды.

Секциялық  отырыста  қатысушыларға оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша   тұжырымды, идеялар ұсынылып,  ақпараттық-әдістемелік  көмектер көрсетілді.

Облыстық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

            Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 тамыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне «Жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттер» атты тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өтті. 

          Секция отырысында «2021-2022 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Эссе жазудың негізгі талаптары талқыланды. Тәжірибелі педагогтер желілік қауымдастықта ағылшын тілі сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Пәнді оқытуда заманауи технологияларды енгізудің ерекшеліктерін таныстырып, тәжірибе алмасу үшін мұғалімдердің диалогтік алаңы құрылды.

          Аталған іс-шараға барлығы 243 педагог қатысты. 

Облыстық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

2021 жылы 17 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған «Особенности преподавания русского языка и литературы в общеобразовательных школах и задачи на новый учебный год» тақырыбында секция отырысы өтті.               

Секция отырысына 293 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты.

         Іс-шара барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері карантиндік «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен танысып, қашықтан оқыту жағдайында белсенді және интерактивті әдістерді пайдалану, жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша мәселелерді талқылады.

Облыстық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

            Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 тамыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты барлық мәселелер, соның ішінде қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылардың білімінде кеткен олқылықтардың орнын толтыру, ӘНХ бөлімдерін талқылау мақсатында  «Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттер» атты тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өтті. 

Секция отырысында «2021-2022 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғары деңгей дағдыларын дамытуға арналған оқу мақсаттары мен жұмыс түрлері көрсетіліп, тәжірибелі педагогтер қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Аралас оқытудың «Төңкерілген сынып» моделін оқыту процесіне ендірудің әдістемелік ерекшеліктері мен тиімділігі талқыланды.

          Пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараға барлығы 300 педагог қатысты. 

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы – үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 тамызы күні «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы – үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Аталған іс-шараға облыс аудандары, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен пән мұғалімдері, барлығы 234 педагог қатысты.