БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарға ақпараттық-әдістемелік көмек» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 қаңтарында «Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарға ақпараттық-әдістемелік көмек» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Облыстық тәжірибелік семинарға білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымға жауапты әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, барлығы 21 адам қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік аттестаттаудан өту өлшемшарттарының сапалы орындалуы, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілгені, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, стандарт талаптарын орындау, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тәжірибелік семинарға қатысушыларға мазмұнды ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

                         Мектепке дейінгі ұйым және мектепалды әдіскерлерімен 

                                                    облыстық онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 9 қаңтар күні мектепке дейінгі ұйым және мектепалды әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Zооm бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым және мектепалды әдіскерлері қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнында айқындалған күтілетін нәтижелерге балалар мен педагогтің жету деңгейін бақылау бойынша мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету ерекшеліктері таныстырылып, талқыланды.

          «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының                              инновациялық қызметі» тақырыбында облыстық семинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 28 желтоқсан күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бір бағыты зерделенген, жинақталған тәжірибені жалпы білім беру ұйымдарына тарату және соның ішінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу мақсатында «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының инновациялық қызметі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Аталған іс-шараға 10 ауданнан 27 кітапхана қызметкерлері қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЛТЫН ТҰҒЫР»МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 3 ПЕДАГОГІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 5-6 қаңтар аралығында Астана қаласы №92 мектеп-лицейінде республикалық «Алтын Тұғыр» олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.
Республикалық олимпиадада Тараз қаласы №39 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.Абдрахманова – І орынды, Тараз қаласы №49 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі У.Тельбаева – ІІ орынды, Тараз қаласы №1 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі И.Садыбаева – ІІІ орынды иеленді.
Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

                                         ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ!!!

Жамбыл облысының білім саласының дамуына зор үлес қосып, ұзақ жылдар бойы білім саласында абыройлы қызмет атқарған Сұлушаш Сәтбекқызын марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сұлушаш Сәтбекқызы облыстық оқу-әдістемелік кабинетін республикада ең алғашқылардың бірі болып ашып, негізін қалаған. Облыстық білім басқармасында еңбек еткен жылдары білім саласы республикада ең жоғары жетістіктерге жеткен.
Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді «Тараз қаласының құрметті азаматы» атты зор құрметке бөлеп отыр.
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Абыройыңыз артып, еңбегіңіз жана берсін!