БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында Байзақ ауданында облыстық әдістемелік десант өтті

2023 жылдың 9 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданының педагогтері үшін оқыту мен тәрбие сапасының деңгейін арттыру, білім сапасын қамтамасыз етуде мектепішілік бақылау жоспарын жоспарлаудың тиімділігі, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында әдістемелік десант өтті. Әдістемелік десантқа «Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету» департаменті басшысы Ускумбаева Дамеш Чайхиевна қатысып, оқушыларды рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесі, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау өлшемшарттары, сауалнама жүргізу, оқыту нәтижелерін, өзін-өзі бағалау құрылымына тоқталып, педагогтердің жауапкершілігі, педагогикалық әдеп қағидалары, туралы ой қозғады.
Іс-шараға мектеп директорларының оқу, ғылыми-әдістемелік, құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым және мектепалды даярлық сынып, бастауыш, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, тарих, география, жаһандық құзыреттілік, информатика пәндерінің мұғалімдері мен кітапхана қызметкерлері, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, барлығы 443 педагог қатысты.
Әдістемелік десантта облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері білім сапасын қамтамасыз етудегі мектепішілік бақылау, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары, PISA, PIRLS, TIMSS, ICILS халықаралық зерттеулерде жоғары нәтижеге қол жеткізу бойынша мұғалімнің нормативтік құжаттары әдіснамалық негіздері, тәрбие, құқықтық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары, мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары, бастауыш мектеп пен қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен білім сапасына әсер ететін тиімді әдіс-тәсілдер, әлеуметтік-психологиялық қызметтің маңыздылығы айтылды.

«Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында Жамбыл ауданында облыстық әдістемелік десант өтті

2023 жылдың 8 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданының педагогтері үшін оқыту мен тәрбие сапасының деңгейін арттыру, білім сапасын қамтамасыз етуде мектепішілік бақылау жоспарын жоспарлаудың тиімділігі, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында әдістемелік десант өтті. Әдістемелік десантқа «Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету» департаменті басшысының орынбасары Атенов Жасұлан қатысып, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау өлшемшарттары, сауалнама жүргізу, оқыту нәтижелерін, өзін-өзі бағалау құрылымымен таныстырып, педагогикалық әдеп қағидаларына да тоқталды.
Іс-шараға мектеп директорларының оқу, ғылыми-әдістемелік, құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым және мектепалды даярлық сынып, бастауыш, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, тарих, география, жаһандық құзыреттілік, информатика пәндерінің мұғалімдері мен кітапхана қызметкерлері, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, барлығы 510 педагог қатысты.
Әдістемелік десантта облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері мұғалімнің нормативтік құжаттар, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, «Авторлық бағдарламаны» жазудың тәртібі, рәсімделуі білім сапасын арттыру жолдары, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулер, ББЖМ нәтижелері негізінде жүйелі жұмыстарды жүргізу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер берді. Қажетті материалдардың электронды нұсқалары таратылды.

Алматы қаласында математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған IMPACT Olympiad – V Халықаралық ашық шығармашылық конкурсы өтті

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қолдауымен кәсіби құзіреттілігі жоғары, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында Қазақстан және шет елдер мектептерінің мұғалімдері мен жаттықтырушылары арасында 2023 жылдың 4 ақпанында Алматы қаласында математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған IMPACT Olympiad – V Халықаралық ашық шығармашылық конкурсы өтті. Конкурс нәтижесі бойынша Жамбыл облысының математика, информатика пәндерінің мұғалімдері жүлделі орындарды иеленіп, II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Атап айтсақ, ІI орынды - Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Куболдин Данияр Нурланұлы және информатика пәнінің мұғалімі Жантілеуов Ермек Айтқалиұлы, ІІI орынды - Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Серікбаев Наурызбай Серікбайұлы,Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Муратбаев Айбек Серікұлы, Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Убишов Думан Жұбанышұлы иеленді.
Педагогтарды жеңісімен құттықтаймыз!

ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГТІК АЛАҢ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстың үздік, шебер педагогтерімен облыстық ашық диалогтік алаңы өтті.
Іс-шара үздік, шебер педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған үздік тәжірибелерін тарату, пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды  жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлы, басқарма басшысының орынбасары Айдын Орынбекқызы, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Ускумбаева және облыстың 90 үздік, шебер педагогтері қатысты.
Диалогтік алаңда Жамбыл ауданы, Б.Беспаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атақтарының иегері Қалмаханова Айгүл Базарбайқызы, Жамбыл ауданы А.Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусёва Салтанат Жұмабекқызы қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, жиын барысында басқарма басшысы озық тәжірибе тарату үдерісінде жоғары инновациялық тәсілдер мен идеяларды қолдануын қамтамасыз ету, жас мұғалімдер мен кәсіби құзыреті жоғары мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ұштастыру, облыс бойынша шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың іс-тәжірибесін жинақтау және тарату, кәсіби қауымдастықтағы өзара сенімді іс-әркетті ынталандыру бойынша мұғалімдермен сұхбаттасты. Педагогтер өз пікірлерін ортаға салды.

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 26 қаңтар күні «Lesson study» жобасы бойынша «Рефлексия - сабақты зерттеу әдісінің маңызды құраушысы» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Іс-шараға білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері, барлығы 300 педагог қатысты.
Облыстық вебинар жұмысы барысында сабақты зерттеу әдістері, рефлексия және оның түрлері, мұғалімнің кәсіби дамуындағы рефлексияның рөлі, зерттеу сұрақтарын құрастыру, мұғалім зерттеуіндегі рефлексиялық жазба жазудың тиімді жолдары қарастырылып, вебинар қатысушылары өзара тәжірибе алмасты.