Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«SMART  мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік ағымдағы жылдың  26  ақпан  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «SMART  мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өтті.

Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен вебинарға 213  педагог қатысты.

Іс-шара барысында вебинар қатысушылары SMART мақсат қою және тиімді оқытуды ұйымдастыру, оқыту барысында «FLIPPED CLASSROOM» арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері, төңкерілген оқыту әдісі, Padlet қосалқы интернет жүйесі  арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері  бойынша тәжірибе алмасты. 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 ақпанында «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру-басты талап» атты облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты білім бөлімдерінің және басқармаға қарасты мектептердің  44 әдіскер мамандары қатысты.

Семинар барысында  мектептерде білім алушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек берілді. Білім беру ұйымдарындағы оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыс тәжірибесін жүйелі ұйымдастыру бойынша  «Оқушыларға кәсіби бағдар беру моделі» тақырыбында Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицейінің кәсіби бағдар жұмысындағы тәжірибесі таныстырылды.

«Мәңгілік  - ел алыбы» тақырыбында ұйымдастырылған көрмелер туралы

           Ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына  сәйкес    2021  жылдың 9-26  ақпан күндері білім беру ұйымдарының кітапханаларында «Мәңгілік  - ел алыбы»  атты виртуалды иллюстративті көрмелер ұйымдастырылды.

               Іс – шараның мақсаты -  оқушылар арасында М.Мақатаевтың өлең жырларын кеңінен насихаттау.

           Виртуалды  көрмеге барлығы 442 мектептің кітапханалары  қамтылды.

«Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  25 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған «Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында педагогтарға «Өзін-өзі тану» пәні сабақтарын тиімді жоспарлау, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясында атқарылатын сыныптан тыс іс-шара жоспары бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға Байзақ ауданы мен Жамбыл ауданы мектептерінен 10 педагог қатысты.

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты  болдырмау мәселелері»  тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

2021 жылдың 25 ақпан  күні директордың  құқықтық,  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге  арналған  «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты  болдырмау мәселелері» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық   вебинар өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  123  педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар тәрбиенің құқықтық бағыты  бойынша жүргізілетін  жұмыстарды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.