Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

ПІКІР АЛМАСУ АЛАҢЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, НЗМ тәжірибесін трансляциялайтын облыстағы жетекші мектептер арасында пікір алмасу алаңын өткізді.

Іс-шара барысында  жетекші мектептердің  өзін-өзі бағалауы, сабақтағы іс-әрекетті зерттеуі, білім алушының өзін-өзі дамытуда өз бетінше жұмыстарды ұтымды пайдалануы, дебат оқушылардың қозғалыс клубын дамытуы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы,  оқушының даму траекториясын дамытуы, білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 10 наурыз күні        педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен  жұмыс жасайтын үздік педагог - психологтарының озық іс-тәжірибесі  таратылды.  Аталған іс-шараға 156 педагог қатысты.

Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу, тың идеялар мен озық тәжірибелерге,  жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.  

Іс-шара барысында ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының  І орын жеңімпазы, Тараз қаласы,  А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның педагог-психологі Хлесткина Елена Владимировна   іс-тәжірибесімен   бөлісті.  

«Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың 4 наурыз  күні "Ауыл мектебі"        жобасы аясында Байзақ, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп гимназиясының, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің инклюзивті білім беру мұғалімдері, әлеуметтік педагогтері, психологтар мен үйден оқытатын  мұғалімдері  үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру»  тақырыбында облыстық  вебинар өткізілді.

«Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға  80 педагог қатысты. Іс-шара қатысушылары ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен жүргізілетін  жұмыс  түрлері, ЖОО-ның "Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу" орталығының жұмыс жүйесімен, «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасымен танысты, БАҰО "Өрлеу " АҚ  Жамбыл облысы бойынша филиалы Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының  әдістемесін  тиімді қолдану   бойынша тәжірибе алмасты.

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 10 наурызында «Білім мекемесін инновациялық бағытта дамытуда мектеп әкімшілігінің қызметі» атты облыстық онлайн тәжірибелік семинар өтті.

Тәжірибелік онлайн семинарға мектеп басшыларымен жұмыс жүргізетін жауапты әдіскерлер, мектеп директорлары барлығы 200 адам қатысты.

Іс-шара барысында мектеп басшыларына білім мекемесінің даму жоспарының диагностикалық талдауының тиімді жүргізілуі, мектептің басымдықтарын анықтау жолдары, педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту, үздік тәжірибелер негізінде білім алушылардың білім сапасын бағалау жүйесін тиімді қолдану, білім беру бағдарламаларының әдістемелік қамтамасыз етілуін және педагогикалық шеберліктің дамуы, жас педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі тұрақты дамыту мен жетілдіруге деген сұраныстарын қалыптасыру, әдістемелік көмек арқылы тұлғалық және кәсіби дамуға ықпал ету, мектептегі сындарлы оқыту негізінде білім алушылар мен педагогтардың бағалау жүйесінің сапасын жақсартуы, сапалы қосымша білім алуға қол жеткізуді арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру жолдарымен тәжірибе алмасып, тәжірибелік семинарға қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер ұсынылды.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 4 наурызында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық онлайн кеңес өтті.

Іс-шара барысында Қордай ауданы №2 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің, №4 Балжан Бөлтірікова атындағы  мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері әдістемелік бірлестік жұмысын жаңа форматта тиімді ұйымдастыру жолдарын,  сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі-Lesson Study бойынша жүргізілген циклдардың нәтижесі, іс-әрекетті зерттеудің жалпы үдерісі мен мақсаттары, жаңартылған білім беру жағдайында дарынды балалармен жүргізілген жұмыстың нәтижесімен,  бірлестік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен бөлісті.

          Облыстық онлайн кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 224 педагог қатысты.