Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары»  тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 4 наурыз  күні  ұлттық тәрбие  бағыты бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру,  әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу мақсатында  директордың  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге  арналған  «Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары»  тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық   вебинар өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  107  педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар ұлттық тәрбие  бағыты  бойынша жүргізілетін  жұмыстарды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Ақпан айы – жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру айлығы» өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру айлығы өтті. Аталған іс-шараға барлығы 89630 оқушы, 8865 педагог және 6970 ата-аналар қатысты.

        Айлық  барысында  оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған жеке, топтық кеңес беру жұмыстары  жүргізілді. Оқушылардың психологиялық  денсаулығын нығайту мақсатында «Мен өмірді сүйемін!», «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз», «Сенімділік күш береді» тақырыптарында әлеуметтік-психологиялық тренингтер, «Менің әлемім», «Мен өз отбасыммен бақыттымын» тақырыптарында шығармалар жазылды, «Армандар орындалады!» тақырыбында акция,  «Болашақ бүгіннен басталады!»  тақырыбында психологиялық апталық, «Біз бақытты баламыз!», «Мен талантты жанмын!» тақырыптарында қашықтан интернет байқаулары,  отбасы мен мектеп арасындағы ықпалдастықты арттыруға бағытталған «Бала – біздің болашағымыз», «Баламен қарым-қатынас құру құпиясы» тақырыптарында кеңес беру жұмыстары, «Бала тәрбиесі -  басталады» атты онлайн вебинар ұйымдастырылды.

«Кітапхана – озық тәжірибе зертханасы» тақырыбында онлайн режимінде   шеберлік сынып  өтті

          2021 жылдың 2 наурыз күні  облыстық  оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   аудандық, Тараз қалалық  білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Кітапхана – озық тәжірибе зертханасы» тақырыбында онлайн режимінде   шеберлік сынып  өтті.

           Іс шараның мақсаты - кітапхана қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Шеберлік сынып жұмысы барысында Шу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі  А. Ұзақбекова «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде кітап оқуды дамыту: жаңа мүмкіндіктер», дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" мектеп-интернатының   кітапхана меңгерушісі Г. Тұрсынбаева «Кітап оқудың онлайн мүмкіндіктері», Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы   мектеп - гимназиясының    кітапхана   меңгерушісі Л. Қосаева «Кітапхана кеңістігінің дизайны-кітапханашының табысты қызмет етуінің құрамдас бөлігі», Жамбыл ауданы, А.Макаренко атындағы орта мектептің кітапхана     меңгерушісі Г. Ахамаева «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» акциясы,  «Жыл кітаптарын бірге оқиық» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 167 білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. 

«Ең үздік ашық сабақ» атты облыстық сырттай байқау өтті

2021 жылдың  26 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында тарих пәні мұғалімдері арасында «Ең үздік ашық сабақ» атты облыстық сырттай байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру және оларға қолдау көрсету.

Байқау барысында өскелең ұрпаққа Қазақстанның әлем елдері қатарындағы беделі, еліміздің бастамалары, мемлекетіміздің ұлттық тарихы, Елбасының рөлі, ұлт мұраттарын насихаттау туралы ашық сабақтар ұсынылды. Байқауға Тараз қаласы мен облыс аудандарынан барлығы                             20 педагог қатысты.

 

 

 

 

 «География сабағында қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдістері»    тақырыбында  семинар өтті

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 наурыз күні «География сабағында қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдістері» тақырыбында  география пәні мұғалімдеріне арналған  онлайн режимінде семинар  өтті.

       Аталған іс-шараға 217 педагог қатысты.

       Семинар барысында география пәні мұғалімдеріне  қалыптастырушы бағалау  арқылы  оқудағы  өзін-өзі  реттеуді  дамытудың түрлері мен әдістерін тиімді қолдану, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмінің нәтижесін арттыруға бағытталған әдістемелік  кеңестер  ұсынылып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың  қабілеттерін  дамыту  бойынша  әдістемелік  көмек  көрсетілді.