ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Облыстық «Ең үздік кітап оқитын мектеп»  атты байқауы өтті 

          Облыстық «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты байқауы 2019 жылдың 3 мамырында  Тараз қаласы №39 мектеп-гимназияның базасында өткізілді. Байқаудың мақсаты - оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту, кітап оқуды насихаттау.

  Байқау   «ХХІ ғасыр кітапханашысы»,  «Кітапхана-Оқырман елі»,

«Оқитын мектеп – табысты мектеп»,  «Ізден, талаптан оқырман!» номинациясы бойынша өткізілді.

Байқауға  білім    беру      ұйымдарынан   11    мектептен   71   оқушы, 11  кітапхана қызметкерлері қатысып, 7  мектеп жүлделі орындарға иеленді.

Бас жүлдені - Тараз қаласы   №22  орта мектебі, 1-орынды  Талас ауданы мектеп-лицейі, 2-орынды Жамбыл  ауданы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі, 3-орынды Меркі ауданы  №1 жалпы орта білім беретін мектебі иеленді. Байқауға қатысқан мекемелер облыстық білім басқармасының   дипломдарымен, қатысушы сертификаттарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Әдістемелік күн өтті

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында 2019 жылдың 3 мамырында облыстың білім беру саласының басшыларына арналған Әдістемелік күн өткізді.

Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы мен жауапты мамандар, облыстық оқу-әдістемелік кабинет әдіскерлері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, орынбасарлары, барлығы 326 адам қатысты.

Әдістемелік күн барысында қатысушыларға Астана, Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларының тренерлері "Мектепішілік әдістемелік активтің жұмысын ұйымдастыру", "Педагогтарды кәсіби дамыту бойынша жетекші және серіктес мектептердің желілік өзара әрекеттестігі", "Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайында мектеп ішіндегі өзгерістерді басқару" және "Критериалды бағалау жүйесі" атты диалог алаңдарының жұмысы аясында ақпараттық-әдістемелік көмектер берсе, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері "Бастауыш мектепте дүниетану және математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану", "Формативті және жиынтық бағалау бойынша тапсырмаларды әзірлеу" тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді, сонымен қатар пилоттық мектеп мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Жамбыл облысында «TIMSS-2019 жаратылыстану-математикалық білім беру сапасының негізгі халықаралық зерттеуі» жүргізілуде.

29-30 сәуір күндері Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Тараз қаласының №45 гимназиясы мен  №13 орта мектебінде, Жамбыл ауданы №2, Амангелді атындағы орта мектептерінде өткізілді. Зерттеу барысында математика-жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардан тест тапсырмалары мен сауалнамалар және 4 сыныптың ата-аналарынан сауалнамалар алынды.  Зерттеуге барлығы 225 оқушы қамтылды.

 «TIMSS-2019 жаратылыстану-математикалық білім беру сапасының негізгі халықаралық зерттеуі» жүргізілуде.

2 мамыр күні Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Тараз қаласы облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты мен Жамбыл ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептерінде өткізілді. Зерттеу барысында оқушылардан тест тапсырмалары мен сауалнамалар және                 4 сыныптың ата-аналарынан сауалнамалар алынды. Зерттеуге барлығы 52 оқушы мен            20 ата-ана қамтылды.

Шуда облыстық тәжірибелік семинар өтті

Білім беру мекемелеріне білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну, сапалы білімге қол жеткізу бағытында ақпараттық-әдістемелік көмектер беру мақсатында 2019 жылдың 29 сәуірінде  Шу ауданындағы №40 мектеп-лицейдің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім сапасын арттыруды нәтижеге бағыттау жолдары» атты облыстық тәжірибелік семинары өтті.

Облыстық тәжірибелік семинарға мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 52 адам қатысты.

          Іс-шара барысында қатысушылар білім сапасын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен мектептегі әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылу жолдарымен тәжірибе алмасып, ақпараттық-әдістемелік көмектер алды.