«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен педагогтар мәртебесін арттыру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында 2019 жылдың 16-17 мамыр күндері «Үздік педагог» атағын беру конкурсы өткізілді.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне облыс бойынша аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 169 педагог, конкурстың ІІ кезеңіне 16 педагог құжат тапсырды.
16 мамыр күні конкурсқа қатысушы 16 педагог пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындап, 80%-дан жоғары көрсеткіш көрсеткен 9 педагог конкурстың негізгі кезеңіне өтті. Іріктеу кезеңінен (тесттен) өткен үміткерлердің оқу-әдістемелік құжаттарына, «Мен қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында жазған эсселеріне талдау жасалып, баға берілді.
17 мамыр күні конкурсқа қатысушы үміткерлер облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында шығармашылық жұмыстарын қорғап, панорамалық ашық сабақтарында өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
Конкурстың іріктеу және негізгі кезеңдерінің қорытындысы бойынша барлық үміткерлер конкурстың қорытынды кезеңіне, виртуалды дауыс беру кезеңіне өтеді. Виртуалды дауыс беру кезеңі 20-30 мамыр күндері аралығында өтеді. Конкурсқа қатысушылар облыстық білім басқармасының сайтына Интернет желісінде білім берудің сапалы ақпаратын және жұмыс тәжірибесін көрсететін авторлық жұмыстарын, оқу, әдістемелік және басқа да жұмыстарын барлық пайдаланушыларға ашық түрде танысуға мүмкіндік беретіндей орналастырылады. Кез-келген қызығушылық танытқан адам сайт арқылы қатысушының педагогикалық қызметі туралы материалдарымен таныса алады және дауыс бере алады. Интернет арқылы дауыс беру жеңімпазы қосымша 10 ұпай алады.