Облыстық «Сабақ үдерісін жан-жақты талдау (Lesson Study) арқылы оқушының білімін жетілдірудің жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен сабақты зерттеу арқылы оқудағы кедергілерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 23 мамырында «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Сабақ үдерісін жан-жақты талдау (Lesson Study) арқылы оқушының білімін жетілдірудің жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Аталған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, барлығы 356 педагог қатысты.
Онлайн семинар барысында пән мұғалімдері оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында сабақты зерттеу тәсілін тиімді пайдалану жолдарын, сабақ беру барысында туындаған мәселелерді шешу мақсатында сабақты бірлесе жоспарлау барысында түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін әдістемелік көмек берілді.