ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Облыстық шеберлік сынып өтті

 2019 жылдың 11 сәуірінде облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті физика пәні мұғалімдері үшін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Физика пәнінің оқу мотивациясын арттыруда олимпиадалық есептер шығарудың рөлі» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпта  университеттің «Физика және МОӘ» кафедрасының аға оқытушылары, облыстың үздік ұстаздары  мектеп курсында кездеспейтін тақырыптар мен олимпиадалық есептердің шығару жолдары, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді, заманауи үлгідегі лабораториялық кабинеттермен таныстырды.

Аталған іс-шараға  облыстың 39 педагогі қамтылды.

«Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 10 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, география), барлығы 1855 педагог қатысты.

Семинар жұмыстарында ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  академиясы  білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізуде

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  академиясы  Тараз қаласы,  А.С.Пушкин  атындағы  №41 көпсалалы гимназиясының және Т.Рысқұлов ауданы, №1 мектеп-лицейінің (пилотты мектептер) 9,10 сыныптарында оқулықтарды, Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10 сыныптарында «Алғашқы  әскери және технологиялық  дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін және Тараз қаласы, №9 орта мектебінің  10 сыныптарындағы  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу бағдарламасы мен оқулықтарын  апробациялаудың мониторингісін жүргізуде, сонымен қатар облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жүйесімен танысып, әдіскерлердің арасында  сауалнама жүргізді.

«Жеткіншек жастағы оқушылардың суицидтік мінез-құлық типтеріне әсер етуші факторлар»тақырыбында педагог-психологтарға арналған блыстық онлайн семинар өтті

           2019 жылдың 11 сәуір күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Жеткіншек жастағы оқушылардың суицидтік мінез-құлық типтеріне әсер етуші факторлар»  тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өткізілді,     барлығы  295  педагог-психолог қатысты.

Сондай-ақ семинарға қатысушы педагог-психологтар жеткіншек жастағы оқушылардың суицидтік мінез-құлық мәселелері және оның шешу жолдары мен  алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері бойынша   кеңестер берілді және электронды түрде таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

ҰБТ бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларыа арналған облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 9 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен          мектептегі қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ді өткізудің тиімді жолдарын ұсыну, ақпараттық-әдістемелік көмектер беру мақсатында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға 382 мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шараға Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұрпейісов Мұхамеджан Кенжетайұлы, «Достық» білім беру орталығының директоры Ануарбек Хайрым шақырылды.

Іс-шара барысында мектептегі қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ді өткізудің тиімді жолдары ұсынылып, жауапты тұлғаларға ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.