Академик А.Жұмаділдаев атындағы халықаралық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ұстаздарымыз жеңімпаз атанды
2019 жылдың 13 - 15 мамыр күндері Қызылорда қаласында «Қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен 18-35 жас аралығындағы математика пәні мұғалімдері үшін академик А.Жұмаділдаев атындағы олимпиадасы өтті.
Олимпиада мақсаты – жастардың білімге құштарлығын ояту, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін оята отырып танымдық қабілеттері мен ой өрісін арттыру.
Олимпиада мазмұны кәсіби құзіреттіліктерді оңтайлы игергенін және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін олимпиада тапсырмаларын қарастырды. Олимпиада теориялық, методикалық есептерден тұратын екі бөлім қарастырылған.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
- Тараз қаласы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Муратбаев Айбек Серикович жүлделі II – орын;
- Облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған Дарын мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбитханович жүлделі III – орын.
Сонымен қатар Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының математика пәні мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы мен облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Киікбаева Жаңагүл Даулетқызы алғыс хаттармен марапатталды.
Педагогтарымызды жеңісімен құттықтаймыз!