БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Шуда облыстық тәжірибелік семинар өтті

Білім беру мекемелеріне білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну, сапалы білімге қол жеткізу бағытында ақпараттық-әдістемелік көмектер беру мақсатында 2019 жылдың 29 сәуірінде  Шу ауданындағы №40 мектеп-лицейдің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім сапасын арттыруды нәтижеге бағыттау жолдары» атты облыстық тәжірибелік семинары өтті.

Облыстық тәжірибелік семинарға мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 52 адам қатысты.

          Іс-шара барысында қатысушылар білім сапасын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен мектептегі әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылу жолдарымен тәжірибе алмасып, ақпараттық-әдістемелік көмектер алды.

«Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында облыстық аймақтық семинар-практикум өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 26 сәуірде Қордай ауданы, Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектебінің базасында «Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында облыстық аймақтық семинар-практикум өтті. Семинар-практикум барысында педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.

          Аталған іс-шараға барлығы 32 педагог қатысты.

«Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп кітапханасының жұмыс жүйесін жетілдіру» тақырыбында шеберлік-сынып  өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2019 жылдың 26 сәуір  күні  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының базасында  жалпы   білім беретін мектептердің   кітапхана    қызметкерлеріне арналған «Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп кітапханасының жұмыс жүйесін жетілдіру» тақырыбында шеберлік сынып  өткізілді.  

Іс-шараның мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі   кітапхана қызметкерлеріне  әдістемелік көмек көрсету,  тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру  

Шеберлік сынып барысында «Буктрейлер», «Bookslam», «Book installation», «Keyword Hexaqon, ReadX жобалары, 100 кітап жобасы аясында  домино ойыны «Кім жылдам?», «Ойлан, тап», пікір сайыстар, танымдық ойындар, шеберлік сыныптар көрсетіліп, іс-тәжірибелермен алмасты.

Аталған іс-шараға 32 білім қызметкерлері қатысты.

«BILIM FM мектеп радиосы» облыстық байқауы өтті

2019  жылдың  26 сәуір күні облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  аясында  «BILIM FM мектеп радиосы» облыстық  байқауы өткізілді. Байқауға  білім беру  ұйымдарынан 50  оқушы қатысты.

         Мектеп радиолары - оқушылардың  туған өлке тарихына, мәдени, табиғи мұрасына деген қызығушылығын арттыру мен белсенді өмірге тәрбиелеуге бағытталған  және «Жаңа күн», «Туған өлке», «Сен білесің бе?», «Қазақ эпостары» бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды.

          Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жамбыл облысында «TIMSS-2019 жаратылыстану-математикалық білім беру сапасының негізгі халықаралық зерттеуі» басталды.

Қазақстанда 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында  3 сәуір мен 15 мамыр аралығында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі өткізілуде.  Бұл зерттеуге әлем бойынша 64 мемлекет қатысуда. Ал Қазақстан бойынша 176 мектеп қатысады. Оның ішінде TIMSS-2019 халықаралық негізгі зерттеуіне Жамбыл облысынан 17 білім мекемесінен 828 (4 сын. – 411,   8 сын. – 417) оқушы қатысады.

26 сәуір күні Жамбыл облысындағы зерттеуді Тараз қаласындағы №24, №12 гимназиялар бастады. Зерттеу барысында математика-жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардан тест тапсырмалары мен сауалнамалар және 4 сыныптың ата-аналарынан сауалнамалар алынды.