«Нәтижеге бағытталған білім: білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
2019 жылдың 20 мамырында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Нәтижеге бағытталған білім: білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Облыстық онлайн семинарға 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (математика, физика, тарих, химия, биология, ағылшын және орыс тілдері), барлығы 1927 педагог қатысты.
Семинар жұмыстарында педагогтарға ҰБТ бойынша білім сапасын арттыруға бағыттталған дәрістер оқылып, шеберлік сыныптары өткізілді, дидактикалық материалдар мен ұсынымдар берілді.