«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 13 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Жылдың үздік психологі» атты облыстық сырттай байқау өткізілді.
Байқауға 3 жыл, 3-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 17 педагог-психологтар қатысты.
Үш категория бойынша іріктелген облыстық байқауға қатысушы педагог-психологтар «Психолог тұғырнамасы», «Авторлық бағдарламаның таныстырылымы», «Психолог тәжірибесінен» кезеңдерінде шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Қазылар алқасы педагог-психологтардың өз саласының теориясы мен әдістемесіне, кәсіби шеберлігінің деңгейі мен қызметінің қазіргі заман талабына сай ерекшеліктеріне және тәжірибеде педагогикалық-психологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды.
Облыстық байқауда жеңімпаз атанған педагог-психологтар республикалық кезеңге қатысатын болады.