«Инклюзивті білім беру мазмұны: тәжірибе мен перспективалары» тақырыбында облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 11 мамыр күні ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер үшін «Инклюзивті білім беру мазмұны: тәжірибе мен перспективалары» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
«Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 100-ге жуық аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері, психологтары, ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында БАҰО "Өрлеу" АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының "Әдіснама және педагогикалық инновация" кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану ғылымының кандидаты А.Абилова «Инклюзивті білім: эволюциясы және болашағы» тақырыбы аясында ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік білім бағдарламасында инклюзивті білімді жүзеге асырудың мақсаттары мен міндеттері туралы, И.Шыныбаева Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен БЖБ, ТЖБ өткізу тәртіптері бойынша тәжірибе алмасты. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.