Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10-сыныптарда аралық аттестаттауды өткізудің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылы 19 қазанында білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалауды меңгерту мақсатында «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10-сыныптарда аралық аттестаттауды өткізудің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинары өтті.
Білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін аралық аттестаттаудың негізгі ерекшелігі мен қойылатын талаптарына тоқталды. Бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай мұғалімдер тарапынан жасалуы қажеттігі айтылды. Емтихан тапсырмаларын құрастыруда мүмкіндігінше төрт дағды қамтылып, емтихан сұрақтарын емтихан алушы педагог құрастыратындығы ескертілді. Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілерімен таныстырды.
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылғандығы айтылды.
Облыстық онлайн семинарға 155 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Табысты кітапхана – табысты кітапханашы» тақырыбында облыстық семинар - практикум өтті

Облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19 қазан күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Табысты кітапхана – табысты кітапханашы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, кітапхана оқырмандарына кітап оқуды насихаттау және жандандыру. Кітапхана оқырмандарының оқу құзіреттілігін, медиалық-ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 35 кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шара соңында 24 қазан кітапханашылар күніне орай облысымыздың тәжірибелі кітапхана қызметкерлері облыстық білім басқармасының және облыстық оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

ТАЛАС, САРЫСУ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНДАРЫНЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 18 қазан күні мектепалды сынып педагогтеріне арналған «Мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Аталған іс-шараға Талас, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепалды сынып педагогтері, барлығы 98 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру, оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Химия пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2023 жылдың 18 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен химия пәнінің мұғалімдеріне арналған «Химия пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында педагогтерге Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында химия пәні бойынша жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы іс-тәжірибелер ұсынылып, тапсырмалардың жаңа үлгілері таныстырылды. Қажетті дидактикалық материалдарға сілтемелер таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, химия пәнінің мұғалімдері, барлығы 130 педагог қатысты.

ТАЛАС, САРЫСУ, ШУ АУДАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қазан күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Аталған іс-шараға Талас, Сарысу, Шу аудандарының және Тараз қаласының білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйым педагогтері, барлығы 460 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру, оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.