Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен «TARAZ HIGH SCHOOL» мектебінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 31 қаңтар күні информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Мектеп бітірушілерді информатика пәнімен байланысты мамандықтарға бейімдеу және ҰБТ-ге дайындық сапасын арттыру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдістерін тарату, тәжірибе бөлісу мақсатында өткен іс-шараға барлығы 57 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Информатика пәнін оқытудағы тәжірибеге бағытталған тапсырмалар», "Модульдер арқылы оқушыларды ҰБТ-ге дайындау" тақырыптарында баяндамашылар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Python бағдарламалау тілі бойынша күрделі оқу мақсаттарын жоспарлау» тақырыбында шеберлік сыныбында программалау тілін оқытудың тиімді тәсілдері көрсетілді.

ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2024 жылдың 1 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылға арналған міндеттерін талқылау бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.
Іс-шара барысында Жуалы, Жамбыл, Мойынқұм аудандарының білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің 2023 жылы атқарылған жұмысының қорытындысы, 2024 жылға арналған міндеттері бойынша әдістемелік кабинет меңгерушілері Е.Жүзбаев, Н.Жампеисова, Ә.Илькибаева баяндама жасады.
Семинар-кеңестің қорытындылау кезеңінде облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.Усерова қатысушыларға аудандар мен Тараз қаласы білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің жоспарлы жұмыс жүйесі туралы, педагогтердің курсаралық кезеңде біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шараларды ұйымдастыру, 2024 жылы алға қойылған міндеттерді нақтылап, білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің сапалы ұйымдастырылуы бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандарға ашық есік күні өтті

2024 жылдың 31 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік орталығы адрестік көмек көрсету бағдарламасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының озық тәжірибелі педагогтерінің қатысуымен «Үздіксіз ізденіс, зерттеу және еңбек – жетістікке жетудің кепілі» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын, білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, PISA халықаралық зерттеуінде, ҰБТ-да, ББЖМ-де кездесетін әртүрлі мән-мәтіндегі тапсырмалар мен мәселелерді шешудің тиімді жолдары, математикалық пайымдау, креативті ойлауды дамыту тапсырмаларын бағалау критерийлерін нақтылап, сабақты тиімді жоспарлау мен оқушылардың күнделікті өміріне қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін тың идеяларымен бөлісті, өзара тәжірибе алмасты, әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға облыстың 65 педагог қатысты.

«СабақTime» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында белсенді оқу әдістерін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті

2024 жылдың 31 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тарих пәнін оқытуда педагогтердің тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында педагогтер Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 9-11 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында тарих сабақтарында белсенді оқу әдістерін қолдану, пәнді оқытуда құндылыққа бағдарланған білім беру, заманауи әдістемелер мен педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары талқыланды.
Іс-шараның тәжірибелік кезеңінде Тараз қаласы мен Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының педагогтері Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы негіздері пәндерінен «Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі» /10 сынып/, «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылық ерекшіліктері қандай?» /9 сынып/, «ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары» /11 сынып/, «Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары» /10 сынып/, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы» /9 сынып/ тақырыптарында ашық сабақтар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық ашық сабақтарға облыс аудандары мен Тараз қаласының тарих пәні мұғалімдері, «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 50 педагог қатысты.

Мемлекеттік аттестациядан өтетін Мойынқұм ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебіне «Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру» бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

2023 жылдың 24 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагогтеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Облыстық семинар барысында «Жаһандық құзыреттер» курсы 5-9 сыныптарда 2022 жылғы 21 қараша айының №467 бұйрығымен бекітілгендігін, 10-11 сыныптарда 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүргізілетіндігін ескере келе, сыныптар бойынша әр бөлімнің (юниттің) сағат санындағы өзгерістерге, бағдарлама бойынша әр сыныптың тақырыптарына талдаулар жасалды. «Жаһандық құзыреттер» курсын жүргізетін педагогтердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталықтарынан курстан өту қажеттілігіне тоқталып, ақпараттық материалдарды ұсынды.