Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
2024 жылдың 14-15 ақпан күндері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының ұсынымы негізінде Сарысу ауданы мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен даму бағдарламасын жоспарлау бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, барлығы 120 адам қатысты.
Кеңес барысында мектептің даму бағдарламасының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №273 бұйрығына сай әзірленуі, бағдарламаны әзірлеу кезінде ұжымның қатысуы, қабылдаған мақсаттардың қолжетімді болуы, күтілетін нәтижеге сәйкестігі, ұсынылған даму перспективаларының индикаторларының өлшемді болуы, ағымдағы қызметтің жағдайын талдаудың ғылыми негізделуі, білім беру процесінің мазмұнына қанағаттану дәрежесін зерделеуге байланысты сауалнаманың болуы, бағдарламаның нысаналы индикаторлары №273 бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес толтырылуы қаралып, ұсыныстар берілді.

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
2024 жылдың 15 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы ұлттық құндылықтар мен инновациялар» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 173 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Т.Рысқұлов ауданы, №6 мектеп-гимназиясының, №1 мектеп-лицейінің, Ә.Бөкейханов атындағы, А.Шынасилов атындағы, Ақбұлақ, №2 орта мектептерінің озық іс-тәжірибелері көрсетіліп ой бөлісті және қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзектілігі мен маңыздылығы туралы тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.

«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақтар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі педагогтері Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназиясының 8-10 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды. Заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді.
Академиялық жыл аяқталған кезде оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өтетіндігі және төрт дағдыға сәйкес нақты оқу мақсаттары талданып, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтер, Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Ахметова 8-сыныпқа Д. Исабеков «Әпке» драмасы, Меркі ауданы, Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Талдыбаева 11-сыныпқа «Жастардың зияткерлік бағдарламасы», Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Усерова 10-сыныпқа «Киіз үй-ғажап сәулет туындысы», Қордай ауданы, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Құтпанқұлова 9-сыныпқа Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романындағы кейіпкерлер бейнесі, Меркі ауданы, Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ф.Бейсебаева 11-сыныпқа «Зияткерлік миграция», Шу ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Мақашева 10-сыныпқа Ш.Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесіндегі дәуір шындығы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Горький атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ш.Халбаева 8-сыныпқа Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі, Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Сүндетова 9-сыныпқа Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Облыстық ашық сабақтар цикліне 49 педагог, 103 оқушы қатысты.

«Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 ақпан күні білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу алдында жүргізілетін жұмыс түрлері, өткізілу тәсілі мен ұзақтығы, тестілеу бағыттары, тапсырмалар сипаттамасы мен қиындық деңгейлері, тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жоспары, компьютерлерге қойылатын техникалық талаптар, мониторинг материалдарының құпиялығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары, сонымен қатар математикалық, оқу және ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтың үш қиындық деңгейіне сәйекес ұсынылатын тапсырмалар үлгілері бойынша тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 567 педагог қатысты.

«Шебер-мұғалім» бағдарламасы аясында «Сырттай оқыту мектебі» жобасы негізінде онлайн дәріс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 14 ақпан күні «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 9 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша «Оқушылардың жаратылыстану ғылымындағы құбылыстарды түсіну, дәлелдеу қабілеттерін дамыту» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Меркі ауданы И.Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі А.Турарова «Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі. Толық және толық емес доминанттылық» тақырыбында дәріс өткізіп, білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығында кездесетін мәнмәтіндерді түсіну, негізгі ойды талдау мен өзіндік ойды толықтыру жолдарын көрсетті.
Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту мақсатындағы дәріске барлығы 358 оқушы қатысты.