Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 ақпан күні Тараз қаласы, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған «Бөбекжай-бақшадағы «ECO LAB» жобасы: экологиялық тәрбие мен білім берудің моделі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Іс-шара барысында білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие, орта және жалпыға міндетті білім беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.О.Досыбаева, Түркия мемлекеті «Балыкесир» университетінің профессоры Yasemin Sayan, Ресей мемлекетінен Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Л.В.Моисеева, Бішкек қаласының Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің доценті М.Е.Сейталиев, Алматы қаласы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Т.Б.Байназарова қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында «ECO LAB» жобасын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың тәжірибесі таратылып, экологиялық тәрбие мен білім берудің моделін қалыптастыруда жаңа тәсілдерін тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
Іс-шараға Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының және облыстың аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйым басшылары, барлығы 55 адам қатысты.

«Оқушының өзіндік бағасы мен мотивациясын көтерудің психологиялық тиімді әдістері»тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығында 2024 жылдың 21 ақпан күні аудандық, Тараз қалалық психолог әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Оқушының өзіндік бағасы мен мотивациясын көтерудің психологиялық тиімді әдістері»тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
Іс-шара барысында облыстық білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің педагог-психологтары «Оқушының өзіндік бағасы және оның жеке тұлғаның қалыптасуындағы рөлі», «Балалар мен жасөспірімдердің өзіндік бағасының деңгейін анықтау әдістері», «Эффективные методы повышения самооценки: из личной копилки психолога», «Мотивация туралы түсінік, түрлері мен ерекшеліктері», «Оқушы мотивациясын анықтаудың психодиагностикалық әдістері», «Мектеп оқушыларының мотивациясын арттырудың жолдары мен психологиялық әдістері»тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда білім алушылардың өзіндік бағасы мен мотивацияның тұлға болып қалыптасу мен өзін-өзі жетілдірудегі рөлі кеңінен талқыланды. Қатысушыларға білім беру ұйымында білім алушылардың өзіндік бағасы мен мотивация деңгейін анықтау, дамыту-түзету және психологиялық-педагогикалық ағарту әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараға 98 педагог қатысты.

«Үздік ұстаздан – үздік тәжірибе» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2024 жылдың 19 ақпан күні «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарының озық тәжірибелерін тарату, кәсіби кеңестері мен жаңашыл идеяларын насихаттау мақсатында «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасының аясында «Үздік ұстаздан – үздік тәжірибе» негізінде «Шығармашылық ізденіс нәтижесі – ұстаз бен оқушы еңбегінің жемісі» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті.
Шеберлік сынып барысында республикалық «Үздік педагог-2023» байқауының жеңімпазы, Рысқұлов ауданы, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәтібекова Айнұр Андабекқызының тәжірибесі таратылды.
Іс-шара барысында А.Тәтібекова «Электронды портфолио - ұстаз еңбегінің айнасы» тақырыбында электрондық портфолиосының мазмұнымен, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстары, волонтерлық қызметі және оқушы жетістіктерімен бөлісті.
«Үздік тәжірибе: өзектілігі, тиімділігі» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, өзектілігін айқындау, мәселені шешу жолын ұсына білу, оның тиімділігі мен нәтижесін көрсете білді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде шығармашылық тақырып аясында атқарылған жұмыстарының тиімділігін атап өтті.
Іс-шара соңында педагогтермен Google формада Mentimeter тақтасында кері байланысқа шығып, өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің «Үздік педагог» байқауының өткізілуіне жауапты мамандары мен мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтер, жалпы 215 педагог қатысты.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖАС МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 20 ақпанында барлық аудандар бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың жас мамандарына арналған «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру мақсатында педагогтің атқаратын міндеттері мен бағыттары, ойын арқылы тәрбиеленушілерге білім берумен қатар қызығушылықтарын арттыру және дамыту дағдыларын қалыптастыру туралы ақпараттық әдістемелік көмек берілді.
Аталған іс-шараға 345 педагог қатысты.

«Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында онлайн дәріс өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 19 ақпан күні «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша «Оқушылардың ғылымға және зерттеу мәселелеріне қызығушылық таныту қабілеттерін қалыптастыру» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі В.Рахымбердиева «Химиялық құбылыстар. Заттардың агрегаттық күйлері» тақырыбында дәріс өткізіп, білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығында кездесетін мәнмәтіндерді түсіну, негізгі ойды талдау мен өзіндік ойды толықтыру жолдарын көрсетті.
​Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту мақсатындағы дәріске барлығы 450 оқушы қатысты.