«Мектеп кітапхана жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambul_obl_metod» бөлмесінде 2019 жылдың 20 ақпан күні жалпы орта білім беретін мектептердің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Мектеп кітапхана жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті. Семинар барысында жалпы орта білім беретін мектептердің кітапхана жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі аспектілері талқыланып, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.
Аталған іс-шараға 281 педагог қызметкерлер қатысты.