Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

Аудандарда әдістемелік десанттар өтті 

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 29 қараша күні          Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 283 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Ағылшын, физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне облыстық ашық есік күні өтті

2018 жылдың 30 қарашасында облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің базасында «Ағылшын тілінің білім сапасын арттырудағы белсенді әдістер» тақырыбында облыстық  ашық есік күні өтті. Аталған іс-шарада жоғары санатты пән мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шараға облыстың 54 пән мұғалімдері қамтылды.

Мектеп басшыларына арналған облыстық семинар-тренинг өтті

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 қарашасында №30 мектеп-гимназияның базасында «Bilim Media Croup – интерактивті білім беруді ұсынатын «BilimLand.kz» электронды білім беру контенті» атты облыстық семинар-тренинг өтті.

Облыстық семинар-тренингке облыстық, аудандық, Тараз қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлер, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, барлығы 362 педагог қатысты.

          Іс-шараға қатысушылар Bilim Media Croup – интерактивті білім беруді ұсынатын «BilimLand.kz», «imektep.kz», «iTest.kz» электронды білім беру контенттерінің жұмыс жүйесімен танысып, оқытуда сандық технологияны қолданудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер алды.

«Подходы к оцениванию учебных достижений учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 30 қараша күні  Тараз қаласы А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының  базасында  «Подходы к оцениванию учебных достижений учащихся» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық  білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға  78  педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңартылған білім беру бағдарламасының тәжірибеде қолдану барысы бойынша 2 сыныптардың математика, орыс тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек пәндерінен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ сабақтың мақсаты бойынша бағалау критерийлерін құру, бағалау критерийлерінің негізінде тапсырмаларды таңдау, тапсырманың мазмұнына сәйкес дескриптор құру, оқытудың белсенді әдістері,  қалыптастырушы  бағалау  мен кері байланысты жүргізудің тиімді жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы және сабақтан кейінгі мұғалімнің  рефлексиясы  бойынша   жұмыс түрлері  ұсынылды.

Семинардың соңында  мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап алды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында орыс тілі пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 28 қарашасында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған    «Білім–Инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері

«Коммуникативная методика преподавания русского языка»,  «Пути совершенствования преподавания русского языка в школах с казахским языком обучения в рамках обновления содержания среднего образования» тақырыптарында орыс тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың  355 педагогі қамтылды.