«Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 30 қаңтар күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті.
Аталған іс-шараға 1192 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері сабақты жоспарлау үдерісінің ерекшеліктері, оқу мақсаты және берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу жолдары, бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың ерекшеліктері, тест спецификация, қолжетімді нәтижені анықтайтын бағалау құралдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.