Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында тәжірибелік семинар өтті
2019 жылдың 17 қаңтар күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 138 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты - білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.