Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

Жамбыл ауданында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2018 жылдың 20 желтоқсан күні Жамбыл ауданындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің, «Болашақ» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепалды даярлық, мектепке дейінгі ұйым педагогтары, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, денешынықтыру, АӘД, көркем еңбек, өзін-өзі тану, психолог), барлығы 574 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Өз жеріңді танып біл!» облыстық байқауы өтті

2018 жылдың 13 желтоқсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тараз қаласындағы мектеп олимпиадасын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында облыстық «Өз жеріңді танып біл!» атты облыстық байқауы өтті.

Байқауға облыс бойынша 10 аудан және Тараз қалалық білім бөлімдерінің мамандары, барлығы 25 адам қатысты.

Қатысушылар бірінші кезеңде туған өлкесінің тарихы бойынша презентациясын ұсынды. Презентацияда өлкенің өлкетану нысандары, маңызы және ерекшеліктері мен оқушыларды туған өлке тарихымен таныстыру барысындағы экскурсиялары, фотосуреттер мен бейнероликтер ұсынылды. Екінші кезеңге өтетін қатысушылар ұпайдың жиынтық саны бойынша анықталды.

          Жеңімпаздарға дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды:

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі – І-ші, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі – ІІ-ші, Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі ІІІ-ші орындарды иеленіп дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Мойынқұм ауданы  әкімдігінің білім бөлімі, Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі алғыс хаттармен марапатталды.

Мектеп директорларына арналған облыстық семинар-тренинг өтті

2018 жылдың 12 желтоқсанында білім сапасын жақсарту үшін мектепті инновациялық басқару дағдыларын дамыту мақсатында «Білім сапасын көтеру жолдары» атты семинар-тренинг өтті

Семинар-тренингке білім басқармасының мамандары, мектеп директорлары, барлығы 100 адам қатысты.

          Іс-шара барысында Меркі ауданындағы И.Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының әкімшілігі «Мектепті инновациялық басқарудың даму жоспарын жасау», «Мұғалімдердің тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру», «Жетекші мектептің жұмысы арқылы мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал ету» тақырыптарында тренингтер өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 12 желтоқсанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  Айша-бибі атындағы қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Сауытбай Рүстем «Application of Derivative.Туындының қолданылуы» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныбын өткізіп, қарапайым термин сөздердің ағылшын тілінде қолданысы туралы мағлұматтар берді. Аталған іс-шараға облыстың  405 педагогі қамтылды.

Облыстық онлайн коучинг-сессия өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен        2018 жылдың 11 желтоқсанында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектеп әдіскерінің қызметін инновациялық бағытта ұйымдастыру жолдары» атты облыстық онлайн коучинг-сессия өтті.

Онлайн коучинг-сессияға аудандық, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінен жауапты әдіскерлер, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 257 адам қатысты.

          Коучинг-сессия жұмысында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, озық педагогикалық тәжірибелер көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты.