Математика, физика пәні мұғалімдері үшін облыстық онлайн семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде 2019 жылдың 14 наурыз күні математика, физика пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында математика, физика пәндері мұғалімдері ОЖСБ-ға дайындауда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары, тест спецификациясы, ОЖСБ-да кездесетін тапсырмалардың шығару жолдары бойынша тәжірибе алмасып, тәжірибелік маңызы бар ойлар ортаға салынды.
Аталған іс-шараға облыстың 395 педагогі қамтылды.