«Әулиеата өлкесіндегі саяси қуғын-сүргін саясаты мен қазақ зиялылары» тақырыбында облыстық ашық диалог алаңы өтті
2023 жылдың 26 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Әулиеата өлкесіндегі саяси қуғын-сүргін саясаты мен қазақ зиялылары» тақырыбында облыстық ашық диалог алаңы өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлт зиялыларының тарихтағы рөлін айқындау. Қазақстан Республикасының өткен тарихын зерттеу барысында тарихшы-ғалымдардың еңбектерін насихаттау.
Іс-шараға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты И.Шакирбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы А.Көбесова қатысты.
Ашық диалог алаңы барысында педагогтерге саяси қуғын-сүргін жылдарының қазақ тарихында алатын орны, өлкедегі, Қазақстандағы репрессиялардың ауқымдары мен зардаптары, ашаршылық жылдарының салдары сөз етілді. Бүгінде Қазақстан тарихындағы тәуелсіздік тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың ой-пікірлері, дереккөздер, зерттеу жұмыстары талқыланды.
Іс-шараға ЖОО ғалымдары, оқытушылар, облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері барлығы 212 педагог қызметкер қатысты.