Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Табыс аймағы» онлайн марафонын өткізу бойынша кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 сәуір күні «1000 мектеп» жобасына енген аудан мектептерінің менторларына арналған кеңес өткізілді.
Мектеп педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, тиімді оқыту бойынша инновациялық идеяларды тарату мақсатындағы «Табыс аймағы» онлайн марафонын өткізу бойынша кеңеске барлығы 12 ментор қатысты.
Іс-шара барысында марафонды өткізу ережесі талқыланып, ұйымдастыру жоспары ұсынылды.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған облыстық ғылыми  - тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен  2024 жылдың 29 наурыз күні Тараз қаласы, №28 бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шара барысында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда АКТ қолданудың тиімді жолдары, эксперименттік топтарда «Ақылды ойындар» электронды бағдарламасы мен «Танымдық ойындар» флипчарт ойын тапсырмаларын ендіру жұмыстары жүргізіліп, бөбекжай-бақшасының заттық-дамыту орталарының көрмесін тамашалады.

  Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінен 30 педагог қатысты.

«Көркем еңбек пәнінде оқушылардың шығармашылық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған       тапсырмалар» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 наурыз күні Тараз қаласы №12 мектеп-гимназиясында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек пәнінде оқушылардың шығармашылық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған тапсырмалар» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді. Жалпы 50 мұғалім қамтылды. Семинар-практикум аясында Техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогтары шеберлік сабақтарын өткізді, сабақтар 1 секция аясында «Үлпілдек сымнан бұйымдар жасау технологиясы», «Аралас техникада киіз үй үлгісін жасау», «Аралас техникада киіз үй үлгісін жасау», «Сазбалшықтан кейіпкерлерді мүсіндеу», «Элементы оформления торта из кондитерской мастики» тақырыптарында, 2 секцияда «Создание релефных панно с помошью сторительных материалов», «Создание релефных панно с помошью сторительных материалов», «Гипстен декор бұйымдарын жасау технологиясы», «Изготовление ракеты класса S-6-А» тақырыптарында тәжірибелік сабақтар өтті. Іс-шара барысында мұғалімдер түрлі өнер техникасымен танысып, тәжірибелік жұмыстар орындап, кәсіби құзыреттіліктері, шығармашылық құзыреттіліктері артты.

«Жас педагогтің  шығармашылық әлеуетінің деңгейін анықтау» тақырыбында  облыстық семинар тренинг  өтті.

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың  29 наурыз күні «Geo World» жобасы аясында «Жас педагогтің  шығармашылық әлеуетінің деңгейін анықтау» тақырыбында  облыстық семинар тренинг  өтті.

Іс-шара барысында жас педагогтің кәсіби қызметінің бастапқы кезеңінде туындайтын мәселелері  мен  теориялық және практикалық білімдерін жетілдіруге, педагогикалық шеберліктерін арттыруға қажеттілігін анықтау мақсатында   сауалнама  алынды.

Жас педагогтерді тәлімгердің көмегі арқылы кәсіби қызметке бейімдеу,  шығармашылық әлеуетінің деңгейін арттыру жолдары талқыланды. Аталған іс-шараға барлығы  41  педагог қатысты. 

«Көркем – эстетикалық пәндерінде авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

        Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 19 наурыз күні көркем-эстетикалық пән мұғалімдеріне арналған облыстық  «Көркем – эстетикалық пәндерінде авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар» тақырыбында онлайн форматта облыстық вебинар өткізілді.

   Іс-шара аясында мұғалімдер авторлық бағдарлама түрлері, талаптары, мазмұны, сараптамалық кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы әдістемелік танымдық ақпарат алды. Жалпы 50 мұғалім қатысты.