Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың дара тұлғасы» тақырыбында облыстық дәріс сағаты өтті

2024 жылдың 2 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш президенті, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін насихаттау мақсатында білім беру мекемелерінің 9-11 сынып білім алушыларына арналған «Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың дара тұлғасы» тақырыбында облыстық дәріс сағаты өтті.
Дәріс сағаты барысында білім алушыларға геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен қызметі, Қазақстанның дамуына қосқан үлесі, ғылыми еңбектері, мұрасы туралы тың деректер берілді.
Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қаласының білім беру мекемелерінің 9-11 сынып білім алушылары, барлығы 67 педагог, 4534 білім алушы қатысты.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРХАНА ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 2 сәуір күні мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтарына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық педагогикалық шеберхана өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог-психологтары, барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру жұмыстары және мектепке дейінгі ұйымдардағы психологиялық қызметтің ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған облыстық ғылыми  - тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен  2024 жылдың 29 наурыз күні Тараз қаласы, №28 бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шара барысында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда АКТ қолданудың тиімді жолдары, эксперименттік топтарда «Ақылды ойындар» электронды бағдарламасы мен «Танымдық ойындар» флипчарт ойын тапсырмаларын ендіру жұмыстары жүргізіліп, бөбекжай-бақшасының заттық-дамыту орталарының көрмесін тамашалады.

  Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінен 30 педагог қатысты.

«Табыс аймағы» онлайн марафонын өткізу бойынша кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 сәуір күні «1000 мектеп» жобасына енген аудан мектептерінің менторларына арналған кеңес өткізілді.
Мектеп педагогтерінің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, тиімді оқыту бойынша инновациялық идеяларды тарату мақсатындағы «Табыс аймағы» онлайн марафонын өткізу бойынша кеңеске барлығы 12 ментор қатысты.
Іс-шара барысында марафонды өткізу ережесі талқыланып, ұйымдастыру жоспары ұсынылды.

«Жас педагогтің  шығармашылық әлеуетінің деңгейін анықтау» тақырыбында  облыстық семинар тренинг  өтті.

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың  29 наурыз күні «Geo World» жобасы аясында «Жас педагогтің  шығармашылық әлеуетінің деңгейін анықтау» тақырыбында  облыстық семинар тренинг  өтті.

Іс-шара барысында жас педагогтің кәсіби қызметінің бастапқы кезеңінде туындайтын мәселелері  мен  теориялық және практикалық білімдерін жетілдіруге, педагогикалық шеберліктерін арттыруға қажеттілігін анықтау мақсатында   сауалнама  алынды.

Жас педагогтерді тәлімгердің көмегі арқылы кәсіби қызметке бейімдеу,  шығармашылық әлеуетінің деңгейін арттыру жолдары талқыланды. Аталған іс-шараға барлығы  41  педагог қатысты.