«Жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг мәселесі, зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14 сәуір күні Тараз қаласы, №30 мектеп-гимназиясының базасында аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің психолог әдіскерлері мен педагог-психологтарға арналған «Жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг мәселесі, зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинар жұмысы - білім беру ұйымдарында буллинг, кибербуллингтің, психологиялық зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, озық тәжірибелерге қолдау көрсету және психологиялық қызмет жұмысын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылуда.
Семинар жұмысына ЖОО-ның оқытушылары, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің психолог әдіскерлері мен педагог-психологтар барлығы 150 ге жуық педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Буллингтің алдын алудың тиімді жолдары», «Суицид причины возникновения, факторы, профилактика», «Возрастные особенности суицидального поведения детей и подростков» тақырыптарында баяндамалар оқылып, баяндамашылар өз ой-пікірлерімен бөліссе, тәжірибелік бөлімінде «Буллингке қатысушылармен жұмыс жасау барысындағы мектеп психологының жұмыс шекаралары», «Границы работы школьного психолога в работе с участниками буллинга», «Жасөспірімдерге психологиялық бағыт беру арқылы өмірлік дағдыларын қалыптастыру» «Мен сені түсінгім келеді» «Профилактика кибербуллинга в образовательной организации» «Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамытудағы психологиялық жаттығулардың маңызы», «Мен жарқын болашақты таңдаймын» тақырыптарында энерджайзер-тренингтер өткізіліп іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар білім беру ұйымдарында буллинг және кибербуллингтің, психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.