Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«ҰБТ-2023» ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2023 жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында «Білім сапасын сыртқы бағалау: ҰБТ-дің тақырыптық талдауы», «Мектепішілік бақылау жоспарының жүйелі және сапалы жүргізілуі» тақырыптарында облыстық кеңес өтті.
Облыстық кеңеске Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.Емелбаев, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Д.Ускумбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек, облыстық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскерлері, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, ҰБТ-ге жауапты мамандар, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 500 педагог қызметкер қатысты.
Кеңес барысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы кеңеске қатысушыларға 2023 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша толық ақпарат берді. Іс-шараға қатысушылар мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек алды.

«Өнерлі бала» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті

Ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Өнерлі бала» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті.
Аталған іс-шараға облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған Тараз қаласының №5 «Ақ желкен» және №12 бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылған болатын.
Республикалық байқау нәтижесі бойынша №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы «Шебер орындаушы» номинациясын, №12 бөбекжай-бақшасы «Үздік балалар костюмі» номинациясын иеленді.
Педагогтерді жеңісімен құттықтаймыз!!!

«2023-2024 оқу жылында Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2023 жылдың 14 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандық құзыреттер» курсына жауапты әдіскерлер мен педагогтерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «2023-2024 оқу жылында Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар  өткізілді.

Облыстық вебинар барысында әдіскер П.Катабаева «Жаһандық құзыреттер» курсы 5-9 сыныптарда 2022 жылғы 21 қараша айының         №467 бұйрығымен бекітілген, 10-11 сыныптарда 2022 жылғы                          16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүргізілетіндігін ескере келе, сыныптар бойынша әр бөлімнің (юниттің) сағат санындағы өзгерістерге талдаулар жасады. «Жаһандық құзыреттер» курсын жүргізетін педагогтердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталықтарынан курстан өту қажеттілігіне тоқталды. Іс-шара соңында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің курсқа жауапты әдіскерлеріне, педагогтерге  курсты оқыту барысында қажетті ақпараттық материалдарды ұсынды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен «Жаһандық құзыреттер» курсына жауапты әдіскерлер мен педагогтер, жалпы 128 педагог қатысты.

«Оқушының ағылшын тілінде жазу мәдениетін дамыту, эссе және оған қойылатын талаптар» атты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 қыркүйек күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқушының ағылшын тілінде жазу мәдениетін дамыту, эссе және оған қойылатын талаптар» атты облыстық онлайн вебинары өтті.
Іс-шара барысында тәжірибелі педагогтер ағылшын тілінде жазылым дағдысын дамыту мен жазу дағдысын қалыптастыру жаттығуларын орындау жолдарын таныстырды. Эссеге қойылатын талаптар мен тілдік құрылымы мен синтаксистік ерекшеліктерін, эссе жазу дағдыларын қалыптастыру
Жазылған жұмыстың логикалық жағынан тақырыпқа, мақсатқа сәйкестігіне және жазылым техникасына (графика, орфография, пунктуация), жазылым процесіне (композиция, жоспарлау) мән беру қажеттілігі айтылды.
Тәжірибелі педагогтер сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар, логикалық сұрақтарды талдау үлгілеріне тоқталды.
Облыстық онлайн вебинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 112 педагог қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

2023 жылдың 19 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепішілік бақылау жоспарының бағыттарын жүйелі ұйымдастыру мақсатында «Мектепішілік бақылауды жүйелі ұйымдастыру бағыттары» атты облыстық директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық директорлар кеңесінің мүшелері, мектеп басшылары, барлығы 50 адам қатысты.

Облыс көлемінде мектепішілік бақылаудың жүйелі ұйымдастырылуы, білім беру ұйымының заманауи басшысында басқару құзыреттілігінің болуы, өзінде стратегиялық көшбасшылық дағдыларын дамыта отырып, бүкіл мектеп командасының тиімді жұмыс нәтижесін көрсете алуы, білім беру процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру маңыздылығы туралы білім басқармасы басшысының орынбасары А.Досыбаева мектепішілік бақылауды жоспарлау алдында аналитикалық деректерге сүйене отырып, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мәселесін шешу үшін күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерді анықтау мақсатында SWOT талдауын жүргізгізілуі туралы облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.Усерова тиімді ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар берді. 

Облыстық дөңгелек үстел барысында директорлар кеңесінің төрайымы Меркі ауданы, Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының директоры, кеңес төрайымы Г.Тлеубердиева «Білім берудегі менеджмент: басқару мен бақылау мәселелері», бойынша тәжірибелік презентациясын ұсынды. Сондай-ақ, кеңес барысында «Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау», «Мектепішілік бақылау мен басқару жоспарын ұйымдастырудың тиімді жолдары»,  «Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау», «Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау», «Оқу процесінің сапасын бақылау», «Оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыру» бағытындағы жұмыстар бойынша өзара тәжірибе алмасты.