Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Мақсатты мектептер» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі»  тақырыбында семинар-практикум өтті

Облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024  жылдың  12 қыркүйек күні Тараз қаласы, Төле би атындағы №8  гимназиясының базасында «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі»  тақырыбында семинар-практикум өтті.

          Іс-шараға Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас аудандарының  бастауыш сынып мұғалімдері (104 педагог) офлайн форматта, Қордай, Шу аудандарының  бастауыш сынып мұғалімдері (165 педагог)   онлайн форматта,  барлығы  269 педагог қатысты.

 Аталған іс-шара барысында  «Мақсатты мектептер»  жобасына енген білім беру  мекемерелердің бастауыш сынып мұғалімдері функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмаларды талдай отырып,  тұтас, аралас, дискретті, құрамдас мәтіндермен жүргізілетін жұмыс түрлері, математикалық нысандарды тану, ақпараттың түрлі формасы арасында байланыс орнату, STEM-білім берудің артықшылықтары, табиғи құбылыстарды бақылау және өмірмен байланысты  зерттеу тапсырмаларын ұсыну, сонымен қатар жасанды интеллектті  ұтымды пайдалану жолдары бойынша  тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

   

   

БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА ЖАУАПТЫ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 10 қыркүйек күні «2024-2025 оқу жылындағы мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды сыныптарда тәрбиелеу-білім беру процесінің ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жауапты әдіскерлеріне арналған облыстық вебинар өтті.
Іс-шара барысында 2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, нормативтік құқықтық актілер, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепалды топтары мен сыныптары балаларының Жеке даму картасын толтыру, құзыреттілік орталықтары мен мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік қамтамасыз ету, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жолдары, цифрландыру жағдайында білім беру процесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

 НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ ЖАУАПТЫ ӘДІСКЕРЛЕРІМЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 тамызында нысаналы мектептерді дамыту жобасы аясында «Нысаналы мектептерді дамыту арқылы білім беру сапасын арттыру жөніндегі  жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шараға облыстық оқу-әдістемелік орталықтың басшысы мен әдіскерлері, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің нысаналы мектептер бойынша  жауапты әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО АҚ  Жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру кәсіби институтының өкілдері, барлығы 100 адам қатысты. 

Облыстық семинар жұмысында 2024-2025 оқу жылында «943-еліміздегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы, жобалық кеңсенің жоспарланған іс-шаралары, нысаналы мектептердің жеке портреттері мен жұмыс жоспарларын жүзеге асыру, нысаналы мектептерге жауапты әдіскерлердің жұмыс жоспары, әдіскерлердің қолдауымен мақсатты мектептерді дамытудың траекториясы мен құралдары, жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау мен мониторинг қызметі бойынша қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер беріліп, мектептердің жеке порттреттерін жасақтау бойынша жауапты әдіскерлерге ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 10 қыркүйек күні «Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды сыныптарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында Жамбыл ауданының мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған түсіндіру семинары жүргізілді.
Іс-шара барысында 2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, нормативтік құқықтық актілер, мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік шараларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепалды топтары мен сыныптары балаларының Жеке даму картасын толтыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылу жолдары, цифрландыру жағдайында білім беру процесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері бойынша ұсынымдар берілді.
Іс-шараға 42 мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп, 2024 жылдың 3 маусым күні жауапты әдіскерлер мен мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңа ғасырға лайық педагог маман даярлаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандар, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 98 адам қатысты.
       Семинар барысында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысының орынбасары Т.Набатникова, Рудный қаласы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры К.Бирманова «Болашақ мұғалім» жобасы аясында «Мұғалім-Оқушы=Тәлімгер», «Темірқазық» педагогикалық клубы, «Жас геологтар», «Үздіксіз білім берудегі мұғалім», «Адам ізі», «Құстарға қамқормыз», «Жақсылық жасап жарысайық» жобалары туралы баяндама оқып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушы педагогтер сұрақтар қойып, пікір алмасты. Барлық қатысушыларға құжаттардың электронды нұсқалары таратылды.