БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Физика, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін  дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  18 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының  физика, математика  пәні мұғалімдеріне арналған «Физика, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін  дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты - физика, математика  пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар барысында педагог портфолиосы құрылымы,  үшінші және төртінші тоқсандардағы БЖБ және ТЖБ өткізу, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, бағалау қағидаттары, оқушылардың функционалдық  сауаттылығын дамыту аясында TIMS, PISA зерттеулерінің тест тапсырмаларының құрылымы бойынша  әдістемелік ұсынымдар беріліп,  әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға  Байзақ ауданы мен Жамбыл ауданы мектептерінен 16  педагог қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 18 ақпанында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық онлайн кеңес өтті.

Іс-шара барысында Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының, Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері жаңартылған білім беру жағдайында дарынды балалармен жүргізілген жұмыстың нәтижесі, оқушыларды ғылыми ізденіске баулу жолдары, жас мамандармен тәлімгерлік жұмысының барысы және бірлестік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен бөлісті.

          Облыстық онлайн кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 117 педагог қатысты. 

«Географиялық қабық тарауындағы есептерді шығаруда логикалық ой қозғаудың тәсілдері» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18 ақпан  күні «Географиялық қабық тарауындағы есептерді шығаруда логикалық ой қозғаудың тәсілдері»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға 139  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында қашықтан  оқытуда географиялық есептердің шығарылу жолын, оның логикалық ой қозғаудағы әдіс тәсілдерін және ҰБТ – де кездесетін есептердің шығарылуына бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.

«Ағылшын тілін қашықтан оқыту жағдайында заманауи тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті

          2021 жылдың 17 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілін қашықтан оқыту жағдайында заманауи тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Онлайн-кеңес барысында педагогтарға ағылшын тілі пәні сабақтарында  оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру, қашықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларын қолданудың ерекшеліктері, «төңкерілген сабақтар» жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              130 ағылшын тілі пәні мұғалімі, барлығы 131 педагог қатысты.

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында 5-11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың  18 ақпан 5-11 сыныптарға сабақ беретін қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн режимінде тәжірибелік семинар өтті.

Microsoft Teams  платформасы арқылы өткен вебинарға   588 педагог қатысты.

Іс-шара барысында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жобалау алгоритмнің қадамдары, сабақты зерттеу тәсілін тәжірибеде тиімді қолдану жолдары, сабақты жоспарлау мен саралап оқытудың әдіс-тәсілдері  талқыланды.