БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізін қалаушысы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 80 жас мерей тойына орай облысымыздың мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2021 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес ашық сабақтар, жобалық жұмыстар,  фестивальдер, кітап көрмелері, конкурстар, акциялар, челлендждер және т.б. өткізілуде.

Аталған  іс-шаралар барысында тәрбиеленушілер, білім алушылар мен студенттерге Сара Алпысқызының Сүйіспеншілікке, Даналыққа және Адамгершілікке толы ой-пікірлері мен ізгі ниеттері насихатталды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 ақпанында «Мектептің инновациялық жұмысын жетілдіру жолдары» атты облыстық оқу-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға 205 білім беру ұйымдары директорларының  ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында  мектептегі әдістемелік қызмет сапасын арттыруда инновациялық үрдістерді жүзеге асыруға бағыт-бағдар беріліп, инновациялық жобалар туралы кеңес берілді. Инновациялық жобалардың нәтижеге бағытталуы мен мектеп дамуындағы рөлі, көрсеткіштерге қол жеткізудің тиімді тәсілдері туралы ақпараттық-әдістемелік, тәжірибелік түсіндіру  жүргізілді.

«Рухани-адамгершіліктің мөлдір бұлағы» атты облыстық сырттай фестиваль өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 10-11 ақпан күндері «Өзін-өзі тану» пәнінің он күндіктері аясында Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жасына орай «Рухани-адамгершіліктің мөлдір бұлағы» атты сырттай облыстық фестиваль өтті.

Оқушылардың рухани-адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру және адамзаттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесін игеруі мақсатында өткізілген іс-шараға облыстан 112 оқушы қатысып, үш бағытта өз өнерлерін көрсетті. Фестиваль барысында әлеуметтік іс-әрекеттің көп қырлы түрлерінде тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері ашылып, оқушылар өз шығармашылықтарын сан қырлы жақтарынан көрсетті.

Фестивальдің түрлі бағыттары бойынша (мәнерлеп оқу, көркемөнер, эссе) үздік деп танылған оқушылар дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.

«Мейірімді жандар» атты облыстық сырттай фестиваль өткізілуде

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің он күндіктері аясында Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жасына орай «Мейірімді жандар» атты сырттай облыстық фестиваль өткізілуде.

«Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының рухани-адамгершілік, ізгілік қасиеттерін және әлеуметтік-мәдени тәжірибесін насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараға облыс педагогтары қатысуда.

Фестиваль аясында «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының шеберліктері, дағдылары және  шығармашылықтарының сан қырлы мүмкіндіктері көрініс табуда.

«Оқу сауаттылығындағы күрделі мәтіндердің шешімін табудың тиімді жолдары»  тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 12 ақпанында  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақыт Жақсылыққызы Кудериеваның «Оқу сауаттылығындағы күрделі мәтіндердің шешімін табудың тиімді жолдары»  тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында Б.Ж.Кудериева «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасымен, педагогикалық портфолиосының мазмұны мен шығармашылық тақырыбы аясында жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сыныпта оқу сауаттылығындағы күрделі мәтіндердің шешімін табудың тиімді жолдарына, құрастыру ерекшеліктеріне, мәтіннің формасына, түсіну деңгейіне, тапсырма құрастыруда қолданылатын аспектілерге тоқталды.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 217 педагог қатысты.