«Алаштың ардағы Ыбырай Алтынсариннің жүріп өткен жолымен...» тақырыбында облыстық танымдық сағаты өтті
Облыстық біфлім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 24 ақпанында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай жалпы орта білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушыларына «Алаштың ардағы Ыбырай Алтынсариннің жүріп өткен жолымен...» тақырыбында облыстық танымдық сағаты өтті.
Танымдық сағаттың мақсаты – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін насихаттау, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту және рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу арқылы өмірлік танымдарын қалыптастыру.
Іс-шара барысында шағын әңгіме шебері, әңгіме арқылы тәрбиелеуші- Ыбырай шығармаларының еңбексүйгіштікке тәрбиелеу арналары, өсиет өлеңдеріндегі, аудармаларындағы адамгершілік мәселесі, парасатты тұлғаға бағытталған құндылықтар жайлы кеңінен тоқталды.
Танымдық сағатқа жалпы орта білім беретін мектептердің 300 оқушысы қатысты.