Ақтөбе облысының педагогтарымен тәжірибе алмасу вебинары өтті.
2021 жылдың 21 қаңтар күні Ақтөбе облысының білім қызметкерлері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Вебинар барысында Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның, Т.Рысқұлов ауданы №3 орта мектептің пән мұғалімдері математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтары бойынша тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын көрсетті.
Аталған вебинарға Ақтөбе облысының 300 мектеп директорлары, облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің зерттеуге жауапты тұлғалары мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының м.а Д.Ұ.Жаманбаева, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің жетекшісі Г.К.Нукеева халықаралық зерттеулер бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.