«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA, TIMSS тапсырмаларының өзектілігі мен ерекшеліктері» математика, физика пәндерінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар-практикум өтті.
2021 жылдың 1 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, математика, физика пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда PISA, TIMSS тапсырмаларының өзектілігі мен ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда халықаралық зерттеу тапсырмаларының өзектілігі, құрылымы мен ерекшеліктері, PISA, TIMSS тапсырмаларын сабақ барысында тиімді қолдану, есептерін шығару жолдарының түрлі тәсілдерін көрсету бойынша ұсынымдар берілді. Әдістемелік көмек беріліп, педагогтар өзара тәжірибе алмасты.