ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ
2021 жылдың 25 ақпанынды Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында «Мектеп әкімшілігінің қызметін сапаға бағыттау арқылы оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.
Онлайн-кеңес жұмысына Жамбыл ауданының Б.Бесбаев мектеп-гимназиясы және Байзақ ауданының Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің директорлары мен орынбасарлары, фокус-топтар педагогтары, барлығы 50 адам қатысты.
Облыстық онлайн-кеңес барысында қатысушыларға «Ауыл мектебі» жобасы аясында мектеп әкімшілігінің қызметін сапаға бағыттау, білім алушылардың білім сапасын жақсарту жұмыстарын жүйелеу, педагог кадрлардың шығармашылық әлеуетін арттыру, БЖБ, ТЖБ жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуы сондай-ақ, оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тиімді әдіс-тәсілдер бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.