«Тарих пәнінен оқушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті
2021 жылдың 11 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнінен оқушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдеріне білім алушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары мен бағалау, тест түрлері, нәтижелерін талдау түрлерін ұсыну, тәжірибе алмасу.
Облыстық вебинар барысында педагогтарға тарих пәнінен тест спецификациясы, тест түрлері, хронологиямен жұмыс, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерінен кездесетін мәтіндік сұрақтар, дереккөздер, терминдермен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды. Вебинар педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 147 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 158 педагог қатысты.