«Физика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе.Ұсыныс.» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті.
2021 жылдың 30 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің физика пәнінің бірлестік жетекшілері мен мұғалімдеріне арналған «Физика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе.Ұсыныс. » тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны аясында физика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру.
Іс шара барысында әдістемелік пән бірлестігінің жұмысы, мазмұны, міндеттері, шығармашылық топтың жұмысы, озық тәжірибе, дарынды балалармен жұмыс, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары және оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын жетілдіру бойынша тиімді ұйымдастыруда әдістемелік ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара іс- тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 147 физика пәнінің мұғалімдері қатысты.