Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 мамыр күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 117 педагог қатысты.
Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында ІІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2013» байқауының жеңімпазы, Жуалы ауданы, №1 мектеп-гимназиясының педагог-психологі М.Ускенбаева және І Республикалық «Жылдың үздік психологі 2012» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің педагог-психологі А.Малибаева іс-тәжірибелерімен бөлісті.