Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

2022 жылдың 7-9 қыркүйек аралығында «Отбасы күніне» орай білім беру ұйымдарында «Отбасы – бақыт мекені», «Отбасым-менің тірегім!» тақырыптарында тәрбие сағаттары, «Отбасы бақыты - ел бақыты», «Ұлағатты отбасы-ұлт құндылығы» тақырыптарында танымдық сағаттары, «Мен отбасыммен мақтанамын» атты сурет байқауы өткізілді.

А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы Ұлттық білім жүйесінде» атты облыстық диалог алаңы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 8 қыркүйегі күні «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы Ұлттық білім жүйесінде» тақырыбында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне диалог алаңы өтті.
Ұлт ұстазы – А.Байтұрсынұлының еңбектерін насихаттау, шығармашылық мұрасын оқыту барысында жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова жүргізді.
Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұқашев Темірбай Әлиұлы Ахметтің ұлттық мәдениетті, ұлт өркениетін дамытудағы шығармашылық мұрасы туралы пікір білдірсе, «Ұстаз» институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдыкадырова Тұрсынай Рыстайқызы «А.Байтұрсынұлы мұрасы және қазіргі кезең» тақырыбында ой бөлісті.
Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының аға ғылыми қызметкері Мадияр Ералыұлы «Ахметтің жастарға аманаты» атты баяндамасында ұлт ұстазының өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған мұралары туралы кеңінен тоқталды.
Іс-шара барысында бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін оқытудың маңызы, «Әдебиет танытқыш» еңбегі, Ахметтің қазақ тіл біліміне қосқан үлесі және «Ахметтану» курсы: коммуникативтік дағды мен функционалдық сауаттылық» тақырыбы аясында ой бөлісті.
Іс-шараға ЖОО ғалымдары, оқытушылары, аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 100-ге жуық педагог қызметкер қатысты.

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2022 жылдың 24 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткен облыстық білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясының аясында облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының грант иегері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданы білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне облыс әкімі Н.Нұржігітов 34 000 000 (отыз төрт миллион) теңге грантының сертификатын табыстады.

«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткен облыстық білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясының аясында облыстық Рейтинг қорытындысының жеңімпаздары марапатталды.

2022 жылдың 24 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткен облыстық білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясының аясында облыстық Рейтинг қорытындысының жеңімпаздары марапатталды. «Үздік қала мектебі» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің «№24 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Үздік ауыл мектебі» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ ауданы білім бөлімінің «Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Үздік инновациялық мектеп» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің «Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақтоғай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1 000 000 теңгенің (бір миллион теңге) сертификатын, сонымен қатар облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым-2022» гранты негізінде берілетін номинациялар жеңімпаздары «Шебер педагогтар мектебі» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жамбыл ауданы білім бөлімінің «Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Педагогикалық инновациялар алаңы» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жуалы ауданы білім бөлімінің «Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Даму бағытындағы мектеп» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Талас ауданы білім бөлімінің «Д.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ауыл); «Үздік әдістемелік алаң» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Шу ауданы білім бөлімінің «М.Мақатаев атындағы тірек мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Шығармашылық-зертхана мектебі» номинациясымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қалалық білім бөлімінің «Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 300 000 теңгенің (үш жүз мың теңге) сертификаты берілді.

«Конституция – демократиялық дамудың негізі» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық диалог алаңы өтті.

2021 жылдың 26 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Конституция – демократиялық дамудың негізі»  тақырыбында облыстық диалог алаңы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының маңызын насихаттау,  әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Облыстық диалог алаңына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері, барлығы                 247 педагог қатысты.

Диалог алаңында Ата Заңның қабылдану тарихы, негізгі баптарына қатысты ойлар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы бастамалар, мемлекеттің демократиялық дамуындағы Конституцияның маңызы мен рөлі туралы ғалымдар ойларын ортаға салып, педагогтер шеберлік сыныптарын көрсетті. Пән мұғалімдеріне әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.