Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі»  тақырыбында   семинар-тренинг өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің   бірлескен   іс-шаралар   жоспарына   сәйкес    2021  жылдың     21 сәуір күні білім беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бір бағыты зерделенген, жинақталған тәжірибені жалпы білім беру ұйымдарына тарату және соның ішінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу мақсатында     «Қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өтті.

Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 100 кітапхана  қызметкерлері  қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен  2021 жылдың 22 сәуірінде  мектеп бітірушілерге арналған «ТжКББ-де кәсіптік бағдар жұмыстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мектеп бітірушілерінің жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру»  тақырыбында  онлайн іс-шара өткізілді.

          Аталған іс-шараға  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға баруға ниет білдірген  Тараз қаласының 7  мектебінен 9,11 сынып бітірушілерінен 100-ден аса оқушы қатысты. Аталмыш колледж директорының орынбасары Б.С.Досбақова колледж тарихымен, мамандықтар тізбесімен таныстырып, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беріп, ақпараттық-насихат жұмысын жүргізді.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы аясында оқушылардың  SOFT SKILLS дағдыларын дамыту ерекшеліктері»тәжірибелік семинар  өтті

2021 жылдың 21 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинеті  Тараз  қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебімен  бірлесіп,   Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша                  іс-тәжірибесін тарату мақсатында директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы аясында оқушылардың  SOFT SKILLS дағдыларын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 186 педагог  қатысты.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 93 педагог қатысты.                                                      

       Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

           Іс-шара барысында VІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2017» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №40 гимназияның педагог-психологі Ю.Скопинцова және V Республикалық «Жылдың үздік психологі 2016» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Горький атындағы орта мектебінің педагог-психологі Г.Муленбаева іс-тәжірибелерімен  бөлісті.                                                        

Ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21 сәуірінде  мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім сапасын арттыруда пән мұғалімдерінің педагогикалық ізденістері»  тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Аталған шараға  201   мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты. Білім сапасын арттыруды қамтамасыз етуде пән мұғалімдерінің рөлі, іс-әрекеті, нәтижелі жұмысын қалыптастыру туралы ғылыми-теориялық, практикалық ақпараттар берілді. Т.Рысқұлов ауданының  №1 мектеп-лицейінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы тәжірибе ортаға салынып, білім сапасын арттырудағы әдіскердің жұмыс бағыттары туралы кеңес берілді.